Алдар көсе – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алдар көсе» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1016
Бағытқа сап мың түрлi,
айқын жолын сағым ғып,
адастырды жұртымды
сұмдығы көп залымдық.
Бейнеге енiп сан түрлi
құрған болып кiсiлiк,
айлакерлiк
халқымды
кеттi атынан түсiрiп.
Өрге емес,
ойпаңға
жiберген ғой бұрып-ақ,
әзәзiл жын-шайтандар
желкесiне мiнiп ап.
Бiле алмастан қайтерiн
құрғақ сөзге малданып,
халқым менiң,
әйтеуiр,
қала берген алданып.
...Кететұғын зарлатып
сұмдығы көп жандарды
туған сонсоң толғатып
елдiң өзi Алдарды.
Жатпастан-ақ жар салып
бәрiн-бәрiн ұққан ол,
таусылмайтын ән салып
шайтан мiнiп шыққан ол.
Жанын жеген зор қайғы
Сонсоң сөзбен құрықтап,
шешiндiрiп даңғойды
зар қақтырған суықта.
Қара суды сапырып
отыратын қуырылып,
сараңдыққа ақыры
жегiзген ол туырлық.
Кек, намысы қайнаған
қайтарам деп есемдi, —
алдына сап айдаған
әулекi мен есердi.
Үрейiн ап мiскiннiң,
сонан кейiн күлiп ап,
мақтаншақты,
мысқылдын,
iстiгiне iлiп ап —
құйындатып күн-түнi
жүрген сөздi қыздырып;
тоғышарды
күлкiнiң,
қазанына шыжғырып.
Ажал келiп төнгенде
халқы болған қамы оның.
Өктемдiктi көргенде
өртенген ғой жаны оның.
Ел қайғысын бiлген де
жанын жасқа бұлаған —
жылап жүрiп күлген де,
күлiп жүрiп жылаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдар көсе өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алдар көсе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдар көсе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдар көсе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері