Үлгеру керек бәрiне – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Үлгеру керек бәрiне» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1489
Үлгеру керек бәрiне!
Елiрiп босқа есiңнен танып емiнбей,
көз сүзбей гүлге, көктемге,
көшеге, баққа, аспанға, —
iлесу үшiн осынау шулы өмiрге
бағынбастан жазу керек өлеңдi
графикке,
режимге,
жоспарға.
Жазу керек
әуезге толы дауысын күзгi құстардың
түстiкке қарай тартатын шұбап, қайқайып,
жұмысшы бұлшық еттерiн
балғаны соққан созылып барып шалқайып,
өзеннiң,
көлдiң,
жапырақтардың тынысын,
алаңсыз жүрген сәбидiң қүмбыл үнi мен
қойшының түнгi айқайын.
Жазу керек
осынау қатал өмiрден
өзгеше жұмсақ,
өзгеше жеңiл сөз күтпей.
Қалса да сенiң кеудеңде
дерт болып қатқан мұң тұнып,
шатырлап сынған аспанда
найзағайлардай бұлқынып
үлгеру керек бәрiне
телеграфтардағы тездiкпен.
Сыпырып тастап шүмектеп аққан терiңдi
жазу керек
қалдырмай әр дем, әр үндi,
шегi жоқ шетсiз мезгiлдiң
қуатын, күшiн, түр-түсiн.
Жатуы керек, әйтеуiр,
соңғы бiр жазған жырыңда
осынау шулы өмiрдiң
соңғы бiр күрсiнiсi мен
соңғы бiр жарқын күлкiсi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үлгеру керек бәрiне өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Үлгеру керек бәрiне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үлгеру керек бәрiне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үлгеру керек бәрiне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері