Бұл не пәле! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бұл не пәле!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1014
Жылаған сайын
Күлдім.
Күлген сайын
Жыладым.
Құлаған сайын
Тұрдым.
Тұрған сайын
Құладым.
Түйілген сайын
Көсілдім.
Киінген сайын
Шешіндім.
Жеткен сайын
Айрылдым.
Өткен сайын
Қайрылдым.
От болған сайын
Өштім де,
Өшірген сайын
От болдым.
Жоқ болған сайын
Бар болдым.
Бар болған сайын
Жоқ болдым.
Бұл не пәле?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл не пәле! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бұл не пәле! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл не пәле! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл не пәле! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері