Қобыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қобыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1406
Сенің үнің секілді менің үнім,
Елжіреуін қарашы, егілуін?
Жан баласын жанына ертпейтұғын
Жалғыздықта ақынның көңілі мұң...
Сенің үнің секілді бұлақ үні,
Бал тұмадан, сенбесең, сұра мұны?
Таңғы Азан да аулақтау даңғаза əннен
Жұрт жүрегін ұйытқан жұма күні.
Сенің үнің секілді аспан үні,
Жан мен рухқа жаназық қас қағымы.
Құдіреттің иесі – Хақ болмаса,
Хас өнердің бар дейсің басқа кімі?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қобыз өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қобыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қобыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қобыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері