Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1370
Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт,
Сен Ай болсаң, Мен бiр Күн.
Жақсыларша жөн бiлiп
Танысайық, кел, құрбым.
Көз – көңiлдiң өлшемi,
Көзiң сенiң тұнық қой.
Арбамаймын Мен сенi
Кейбiр жылпос жiгiттей.
Жақсылыққа жан байып,
Тапсын көңiл жарасым.
Əнмен, жырмен жалғайық
Екi кештiң арасын.
Мына бiзден бұрын да
Танысқанмен тосыннан
Талайлардың ғұмырда
Тағдырлары қосылған.
Бiр күлдiрiп, жылатып,
Бiздi де əлi сынар күн...
Бəлкiм, сенi ұнатып,
Бəлкiм саған ұнармын.
Көңiлiмнiң ағына
Көзiң жетер қалайда.
Мұнан кейiн тағы да
Кездесейiк, жарай ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері