Сағымсыз – Шыңғыстаудың атырабы – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Сағымсыз – Шыңғыстаудың атырабы» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 959
Сағымсыз – Шыңғыстаудың атырабы.
Саратан салқынында жатыр ауыл.
Сені ойлап, сонау-у жолдың қарасына
көзімнің қарашығын матырамын.

Ақшамның әр адымын баспалар түн.
Ағаңның бар табары – шашты ағарту.
Өкінтіп тағы бір күн өтіп барад...
о да бір – өмірдегі көшпелі алтын.

Осылай болғаны да дұрыс маған.
Түсімде Түн көрейін күмістабан.
Күлкісін саған ұқсас қыз баланың
күреңот жапырағы уыстаған.

Салармын шырқап қалай «Идай-да»-ға,
Өзіңді жат өзекке қимайды «ағаң».
Жазулы ақшам хатын көкейдегі,
жарқанат қанатымен шимайлаған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағымсыз – Шыңғыстаудың атырабы өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағымсыз – Шыңғыстаудың атырабы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағымсыз – Шыңғыстаудың атырабы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағымсыз – Шыңғыстаудың атырабы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері