Сені сүю – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Сені сүю» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 4090
Сені сүю – күрсініп, күнде күту хатыңды...
Хат жазам деп мен де сан, түнге қалам матырдым.
Түнге қалам матырдым, жаныма іздеп бәтуә.
Қаламымның ұшында ауылымның оты бар.

Самайымның тұсынан аққан күнді санадым.
Сені сүю – әлемге маңдайдан нұр тарату.
Азап болса, әрдайым, мен сен үшін тартайын!..
Бүршік шашып тау жақта, бал ашады март айы.

Әр лүпілі ділімнің – мәңгілік мұң тарихы.
Сен ғанасың еститін, көре алатын! танитын!
Уысына үміттің уыз төгіп фәни Күн...
елесіңнің ернінен қақ жарылар Қара Ұйқым!
Қақ жарылар Қара Ұйқым!..
ақтарылып Ақ Өлөң,
Санамдағы Сәскенің сәулесіне бөленем.
Сәулесіне бөленем Санамдағы сәскенің.
Сені сүю – азадан ада әлемге көшкенім!

Сені сүю – қуатты Қорқынышым, көз ілген,
дәл көзінің алдынан бірге өтемін Өзіңмен.
Мендік нәзік сезімге қанаты ыстық тіл басып
жымиуың – маған мың әулиемен ымдасу!
Сенсіз қалсам, дүрлікпе пендешілік тірлікке
сыймас – іште Құдайы күбірлеген бұл басым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сені сүю өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Сені сүю өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сені сүю өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сені сүю өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері