Біздің қоғам – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Біздің қоғам» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2016
  • 0
  • 2
  • 11088
Бізде, бас бар, ауыз бар, көтен бар...
Тіпті, қан да бар.
Бірақ, Жан жоқ.

Бізде сот бар, прокурор бар, полиция бар...
Тіпті, Заң да бар.
Бірақ, Ар жоқ.

Бізде қаулы бар, қарар бар, жарлық бар...
Тіпті, мөр де бар.
Бірақ, мән жоқ.

Бізде Күн бар, жел бар, су бар...
Тіпті, у да бар.
Бірақ, Жер жоқ.

Бізде маса бар, қандала бар, егеуқұйрық бар...
Тіпті, жұрт та бар.
Бірақ, ұлт жоқ.

Бізде Ту бар, Елтаңба бар, Әнұран бар...
Тіпті, шекара да бар.
Бірақ, Отан жоқ.

Бізде бәрі бар,
Бірақ, ештеңе жоқ.


Пікірлер (2)

жұлдызай

өте жақсы балаларға

Ерлан Алтау

Мықты айтылған екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің қоғам өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Біздің қоғам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің қоғам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің қоғам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері