Қатыны мен Масақбай – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Қатыны мен Масақбай» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 6
  • 23135
Сырмақ қып астына
Байның тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді.
Осының бәрімен
Көңілінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді.

Күлкі боп көргенге,
Құрбыға қадірсіз.
Ас қылып бергенге
Шыдамас, сабырсыз.
Келді, ойбай,
Салды айғай,
Түк қоймай боқтады.
Сөзінің жөні жоқ,
Ақылсыз томырық,
Қатынның күні жоқ
Қамшы мен жұдырық.
Барқылдап,
Тарқылдап,
Салпылдап тоқтады.


Пікірлер (6)

Дамира

Жаксы екен олендери

АЙГЕРІМ

өте тамаша өлеңдер.Маған ұнады.Бырақ арасында жүректі елжірететіндері бар

Ақгүл

Маған ұнады

Ақгүл

Өте тамамаша өлеңдер менің жасымды шығарды бірақ өте тамаша жақсы

Каусар

Тамаша быр сагатта жаттап алдым

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері