Туған ел көріністері

Бұл бетте «Туған ел көріністері» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Теңесем туған елді ақ қайыңға,
Демеймін ескі әдепті сақтайын да.
Түбінде сол қайыңның бейіт жатыр,
Жазылған анам аты тақтайында.
Көкірек ойда жоқты қиялайды,
Көзге ыстық көп көрініс ұялайды.
Сағынып кетем кейде қыз сыйлаған
Бес саусақ жұқа түбіт биялайды.
Бір ән бар ауылдастар шуылында,
Бір сән бар ауыл қызы бұрымында.
Бір мән бар аттанарда қоштасқанда
Қолының қолда кетер жылуында.
Жанданам құйын­желдің алдында да,
Таңданам аңыз жатса қарлы дала.
Шөп шапқан шалғы сілтеп бала кезде,
Құмармын бұйра толқын шалғынға да.
Көп сыр бар алғаш ашқан «Әліппеде»,
«Отан» деп сөз құраған әріпте де.
Бәрін де сыйғыза алмай ойда бардың,
Қараймын өлеңіме кәдіктене.
Кім айтар деп, шырағым, осың бекер,
Жеңіл сөз неге керек өшіп кетер?
...Ей, достым, машинаңды баяу жүргіз,
Көлдегі жалғыз аққу шошып кетер.

1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған ел көріністері өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Туған ел көріністері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған ел көріністері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған ел көріністері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері