Досқа тілек

Бұл бетте «Досқа тілек» атты Жумабаева Жанна жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бала жастан бірге өскен жан досым
Бірге өстік балын татып бар жоқтың
Ата-анамыз адал еңбек күшімен
Егін орып малын бақты савхоздың

Ерінбеді аналарым қой бақты
Талай қойды өз қолымен қоздатты
Баз сылады қой қырқыды жалықпай
Сөйтіп жүріп от пен судан қорғапты

Ерте тұрып тіпті шаршап көрмеппіз
Анау жаман екен деп сөз термеппіз
Үстел толы майлы тәтті тамақтың
Қайдан келіп жатқанын да білмеппіз

Барды кидік жаңа киім демедік
Тәттіні де ауыз толып жемедік
Күндіз допты қуып-қуып ал кешке
Ескі қара романтикпен биледік.

Жидек тердік шелекті шөпке толтырып
Жөнді сабақ оқымадық отырып
Бару үшін клубтағы киноға
Ақша сұрап жүретінбіз өкіріп

Сол заманда өтті кетті алыстап
Ұмытылмас біздер үшін жарқын шақ
Сол белестің естелігі өзіңсің
Жүрген әлі жас балаша аңқылдап.

Анасыз қалған едің ерте жастан
Білемін талай қайғы өтті бастан
Ал қазір әже болдың Алла қолдап
Екі ұлың демей жүріп екі жақтан

Басына қонған бағы еселенсін
Бүгін міне тойлап жатыр немересін
Сап-сары әже болған құрдасыма
Тілеймін көрсе екен деп шөбересін

Алла қолдап осындай бақ бізге келсін
Жоқ дейміз игіліктің ерте -кешін
Жыр арнап оқып тұрған алдарыңда
Боламын ерке қызы Елекештің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досқа тілек өлеңінің авторы кім?

Жумабаева Жанна — осы өлеңнің авторы.

Досқа тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досқа тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жумабаева Жанна өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Досқа тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері