Кемшіліктер көп менде

Бұл бетте «Кемшіліктер көп менде» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1315
Кемшіліктер көп менде,
Әлжуаздау бір жан ем.
Ән білмегендіктен де,
Өзіме-өзім ырза емен.
Өнер дарып біткенге,
Табиғат-ау мырза ма ең.
Күй білмегендіктен де,
Өзіме-өзім ырза емен.
Шымырлаған қайнардың,
Түбі болмағасын.
Жиын менен тойлардың,
Гүлі болмағасын.
Болмысым-ау өзіңе,
Шағымым мен назым бұл.
Ал өлең деп шимайды,
Кім болса сол жазып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кемшіліктер көп менде өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Кемшіліктер көп менде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кемшіліктер көп менде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кемшіліктер көп менде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері