Жүргенде жігіттіктің желіменен – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жүргенде жігіттіктің желіменен» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2804
Жүргенде жігіттіктің желіменен,
Тірліктен нені көріп,
Нені білем?!
Өмірден бас тартуға болғанменен,
Құтылу мүмкін емес өліміңнен!
Ұқсаймыз кей кездері біз бір аңға,
Мысалы:
Мен — барысқа,
Сіз — қыранға.
Ажалың тұрар кейде соңғы әйелде,
Немесе, ең ақырғы жүз грамда!
Азайып жастық нұры реңінде,
Апарар өмір жолы бір өлімге.
Ажалың — бір тентектің пышағында,
Ажалың — бір шофердің рулінде!
Тірліктің бар тізгіні тұрса өзіңде,
Ғажап қой!
Берілме оңай құр сезімге!
Ажалың —
Бір мықтыға
Батырсынып,
Ойланбай айта салған бір сөзіңде!
Обал ғой ерте кеткен,
Қартаймаған.
Жылдан да қымбат кейде жарты ай маған.
Өмірден сәл болса да кеш кетеді
Тірлікте өлім жайлы ерте ойлаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүргенде жігіттіктің желіменен өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жүргенде жігіттіктің желіменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүргенде жігіттіктің желіменен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүргенде жігіттіктің желіменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері