Ей, күншуақ, құйыла бер жерге осы – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ей, күншуақ, құйыла бер жерге осы» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1580
Ей, күншуақ, құйыла бер жерге осы,
Ей, күншуақ – дүниенің зердесі.
Шуақ болып жарқырашы, алғы күн,
Не берсең де – көлеңкелеп бермеші.
Ей, күншуақ! Бердік саған Ана атын,
Болашаққа күнмен бірге баратын.
Самғай берші, тарылмашы ақ шуақ,
Батыс, шығыс – сенің екі қанатың.
Сараңдықты алады екен кім қалап!
Аспан жомарт, туады күн іңгәлап.
Ей, адамдар, тозбасыншы өмірің,
Көкжиекті тоздырғанша күн қажап!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері