Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын –
Алма Түсіпбекова
Бұл бетте «Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қатыгездің қанған кезде құмары,
Жүрегіме бар әлем кеп тұнады.
Ар мен дардың алаңына айналған,
Менің жаным – шыдамдылық сынағы.
Көзіне ілмей көкте жүзген күн-айды,
Дәлдүріш кеп шыдамымды сынайды.
... Тамырына балта шапса тексіздер,
Қарағай да құлайды.
Ер болсаңыз төзіп көрші мынаған,
Арам – анау, қалталыға үнаған.
Әділдігі әл үстінде жатқанда,
Адал – анау, шашын жайып жылаған.
Көз ашпаған сынақтан,
Көрмәдіктер осы «салтты» ұнатқан.
Қасиеттің қағбасындай қарт әні,
Естіледі жырақтан.
Жебірлері жұлқыласа бір-бірін,
Не тындырар жалғыз шыққан тұлдыр үн?
Дегенмен де...
Шырылдаса шындығым,
Мендік шыдам үзіп кетер шылбырын!..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі