Ойнақ салар төріңе – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ойнақ салар төріңе» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1168
Ойнақ салар төріңе,
Құйыны бар даланың.
Жеткізбейтін желіңе,
Киігі бар даланың,
Мен бір ұлы боламын.
Құс қанаты күйетін,
Аптабы бар даланың.
Сан сыр ішке түйетін,
Соқпағы бар даланың,
Мен бір ұлы боламын.
Сусындайтын әрдайым,
Көлі де бар даланың,
Жабысатын таңдайың,
Шөлі де бар даланың,
Мен бір ұлы боламын.
Күндік емес жолының,
Айлығы бар даланың.
Сан қызыққа толы бұл,
Байлығы бар даланың,
Мен бір ұлы боламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері