Өлең, жыр, ақындар

Ағаға сыр

  • 05.01.2016
  • 0
  • 0
  • 2497
Кезімде жүзіндей алмастың,
Мұқалмас шабылса тасқа да.
Мезгілсіз мен ерте солмаспын,
Жүрмеспін дырдумен босқа, аға.
Қынынан тым ерте суырылып,
Қайраққа тым ерте жанылған.
Отқа да тым ерте қурылып,
Ағалар, ағалар
Тым ерте танылған.
Жарасар думанды жыр жасқа,
Жалын бар кеудемде маздаған.
Ал маған бұл тағдыр бұл жаста,
Бір ерлік істеуді жазбаған...
***
Көкірегімде өрекпиді мол ағын,
Буырқанам, бір тасып, бір толамын.
Аппақ арман жеткізесің сен қашан,
Қашан Шоқан,
Қашан Саттар боламын.
Он сегізге биыл шығар жасым бар,
Аз өмірде тапқан досым, қасым бар.
Он сегізде жарқылдады-ау,
Мен кепіл,
Әлгі асылдар, жасыңдар.
Олар, олар ат үстінен түспеген,
Сұңқарлар ғой аузымен құс тістеген.
Ал меніңше, ұялмастан айтардай,
бір ісім жоқ істеген.
Көкірегімде өрекпиді мол ағын,
Мен осылай буырқанып, толамын.
Аппақ арман, жеткізесің сен қашан,
Қашан Шоқан,
Қашан Саттар боламын.
***
Әніміз сай, жыр да сай,
Бірге ер жеттік құрдас-ай!
Көктемнің көркем бағында,
Берейікші бір жасай.
Бұл шақта неткен қан қызба,
Өрекпіп жүрек сан қызға.
Сұлулық пен ерлікке,
Соншама ғашық жанбыз ба?
Бойыма сезім тарап бір,
Сыпырдым бәрін жарақтың.
/Ғашықтың буы бар жерде,
Жүруі жөнсіз шараптың/.
Жігіттік неткен дерт еді,
Құмарлық сырын шертеді.
Жан досым, амал қылмасаң,
Он сегіз мені өртеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзен бойы көп тоғай

  • 0
  • 0

Аманбайтоғай,
Жыңғылтоғай,
Ақкиізтоғай,
Шоқпартоғай...

Толық

Барлаушы бақыты

  • 0
  • 0

Дірілдейсің Атырау,
Динамиттен емес аттырған.
Қара моншақ-жақұтыңнан,
Менің шексіз бақытымнан!

Толық

Өзіме

  • 0
  • 0

Айтуар!
Күтіп тұр алда сені анық бір сын,
Адамдар талантыңды танып білсін.
Жүректен бастау алған жас жырыңда,

Толық