Жыр оқимын тасыңнан – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жыр оқимын тасыңнан» атты Айтуар Өтегенов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 16.11.2015
  • 0
  • 1
  • 3110
О, Маңғыстау, жасырған,
Құпияң мол неткен бұл?
Жыр оқимын тасыңнан,
Қына басқан көктеңбел.
Өткен өмiр айқаста,
Iстеп кеткен дегенiн.
Қой таста да, ай таста,
Таңбасы бар жебенiң.
Мәңгiлiк боп ұраны,
Жоғалмастан нұр әрi.
Мавзолейлер, мазарлар,
Айдалада тұр әлi.
Небiр тарих жатыр-ау,
Сынып, мұрты кертiлiп.
Жетi жұрт кеп, япырау,
Кеткен дейдi жетi жұрт.
Тұлғасына тұнған әр,
Сұрақ қоям шыңдарға.
Мына қорым кiм болар,
Сақтар әлде,
Оғыздар ма,
Ғұндар ма?


Пікірлер (1)

Бозторғай

керемет екен !
тамаша ! Өте жақсы !

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері