Аспан мұнарадан басталады – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Аспан мұнарадан басталады» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3380
«Қария дария» буырқанып тасыған,
Айнымайды арулардың тарқатылған шашынан.
Білесің бе,
Біздің жақта аспан деген, жас ұлан,
Басталады мұнаралар басынан.
Барады әне, вахтасына оператор асығып,
Тербеп ылғи жас жүрегін жалыны мол жас үміт.
Мақпал түн ғой,
Құс жолы да аяғыңа бас ұрып,
Жатыр жерде шашылып.
Мақтанамын бай қазына кең далама біткенге,
Ырыс көп қой таңды өзгеден, бұрын тұрып
күткенге.
Еңсем биік мұнарадай,
Арманым да тым асқақ,
Сол өңірде туып өскендіктен де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері