Мәдени майдан – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Мәдени майдан» атты Сәбит Мұқанов жазған соғыс туралы өлең берілген.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1168
Мүйізді қара жұдырық,
Тоқпақтай боп жұмылып,
Бүлкілдеген бұлшық ет
Денеде бұлт-бұлт жүгіріп
Қайнасқан болат буындар
Бұлтың-бұлтың бүгіліп
Түтін шалған отты көз
Еңбекке төніп үңіліп,
Бір жарықты керуге
Күні кеше ынтық ед.
Сол жарықты керем деп,
От жүректе қайнап кек
Қанды майдан ашылып,
Еңбек Ері құрып шеп,
Ойда, қырда от болып,
Жарқылдаған пулемет,
Көбігі ойнап, қан тасып
Топан болған төңірек
Мүйізді қолда бұл кезде,
Мықты ұстаған мылтық ед.
Қанды майдан басылды,
Қара тұман ашылды,
Еңбек Ері еркін боп,
Ағын судай тасыды,
Мәдени майдан ұраны
Одаққа тегіс шашылды.
Осы ұранға еңбекші
Жұмыла түгел қосылды,
«Бұған біз де даяр!» деп.
Қуаты күшті жұдырық
Тоқпақтай болып жұмылып,
Түтін шалған отты көз
Қағазға қарап үңіліп,
Мәдени майдан дегенге
Еңбекші енді ;қойды бет!..

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері