Өлең, жыр, ақындар

Қоқи Қораз

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1384
Қоқи Қораз кафедра меңгерді,
Жас Мекиен иіскеуді жөн көрді.
Билік тиіп отырған соң марқайып,
Өз жұбайы қалғандай еді қартайып;
Балапандары жетілді.
Мейлі, дұрыс, бұрыс-ты,
Таңданарлық бір істі
Бастамаққа бекінді.
Тілегенге – сұраған,
Бір Мекиен тап келді
Сол сұлуға ұнаған
Қоқи Қораз тап берді:
«Қабылдаймын жұмысқа,
Әрі сырттай оқисың.
Бірақ, шықпай тұрмысқа,
Бітіргенше дұрыстап,
Тек ғылымды тоқисың.
Саған деген жол ашық,
Кандидат та боласың»...
Әрі қарай не болды?
Мекиенді қабылдап,
Кәрі жүрек жалындап,
Қоқи Қораз көрсетті шын өнерді,
Шығарды естен қатын, бала дегенді.
Астында әппақ машина,
Отырғызып қасына,
Мекиенмен жөнелді,
Көп қызыққа кенелді...
Таса қылмай көзінен,
Қайда барса, өзімен
Алып жүрді тастамай,
Тірлігі жоқ басқадай.
Қосылғанда бастары,
Күліп жүрді достары:
«Кәрі тарлан қасқам-ай!»
Кафедра тірлігі
Құлдырады төмендеп.
Қоқи Қораз бір күні
Ойламады өлем деп.
* * *
Кафедра кетсін мейлі өртеніп,
Мекиеннің еркелігі – еркелік,
Бар өзінің есебі:
Қорғағанша Қоразбенен достасып,
Дипломды алған күні қоштасып,
Ат құйрығын кеседі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Піл мен кәнден

  • 0
  • 0

Пілді біреу алып жүрді көшеде,
Қарасын деп бар халық.
Белгілі ғой, бұл ғажапқа таңданып,
Еріп жүрді ашақ ауыз нешеме.

Толық

Сыншы мен сыпырғы

  • 0
  • 0

Отырып Сыншы моншада
Сыпырғыменен сырласты:
– Өлеңі нашар болса да,
Сынармын қалай құрдасты?

Толық

Шыбын мен тығын

  • 0
  • 0

Шыны аузында Тығын тұрды,
Өзінше ол мығым тұрды.
Енді бірде карағанда,
Шыны ішінде Шыбын тұрды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар