Мүсиді он үш жастағы қызының жоқтауы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Мүсиді он үш жастағы қызының жоқтауы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2114
Қайғымен шыққан дәтімді.
Біразырақ жоқтайын,
Асыл гауһар затымды.
Абыройлы, жан әкем!
Туысың артық нәсілді.
Өрекпіген сұм көңіл,
Су сепкендей басылды.
Қырық сегіз жасыңда,
Тағдырға ажал қосылды.
«Қош» демей қалған достарың,
Көзінің жасы жосылды.
Достарың ойлап мұңайды,
Түспеген кімге бұл қайғы?
Ұядан ұшқан өңкей жас,
Кімге еркелеп шалқиды?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері