Түлкі мен тиін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түлкі мен тиін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2452
Тиінменен бәс қылған
Түлкі айтты:
– Бас ұрман.
Тоқсан тоғыз айлам бар,
Қорықпаймын Қасқырдан.
Тиін айтты:
– Пайдам дәл –
Менің бір-ақ айлам бар
Сен сияқты тым ерке
Жайым жоқ-ау тайраңдар.
Олар сөйтіп тұрғанда,
Жетті Қасқыр бұл маңға.
Тиін талға өрмелеп,
Түлкі қалды тырбаңдап.
Айла таппай ұтымды.
Сол бойында тұтылды.
Тиін бір-ақ амалмен
Дұшпанынан құтылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері