Сән бересің сұлуланып қалаға, – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Сән бересің сұлуланып қалаға,» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қар жауып тұр жапалақтап тамаша,
Мәз боласың қуанып балаша.
Жауа берші тоқтамашы дер едім,
Әдемілік тұнып тұр ғой бойыңда.

Сән бересің сұлуланып қалаға,
Дайындалып жатқандаймыз іс-шараға.
Абыр –сабыр көшедегі халықта,
Қар жауды деп жүгіреді балада.
Көтеріңкі көңіл сыйлап бәріне,
Білеме екен жатқанын қар аулада.

Сағынып қалыппыз-ау қарды да,
Ойнап қал,қапы қалма,
Бүгін бар, ертең жоқ,
Қандай ғажап күйге енген далада.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар