Сыр ашқан түннен бері – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сыр ашқан түннен бері» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1764
Куәсімін,
Нұрға бөккен шақтардың,
Біздің жақта неткен әсем мақпал түн.
Есіңде ме,
Ақ сырымды ақ еркем,
Вахтаға бір бара жатып ақтардым.
Фонтан болып көкіректе жыр теңіз,
Сүрткен жоқпыз жұққан майды,
Неге оны сүртеміз?!
Қол ұстасып качалкалар «орманын»,
Араладық бірге біз.
Содан бері төгілген жоқ бал шырын,
Содан бері сөгілген жоқ іргеміз.
Сол себепті бақыт мекен бұл ара,
Қалай жүрек құшпай сені тынар ә,?!
Сол себепті ұнатарым зерлі аспан,
Сол себепті маған ыстық Мұнара!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері