Өлең, жыр, ақындар

Ақ Жайық - Ару

  • 25.10.2015
  • 0
  • 0
  • 3104
I
Ақ Жайық – Ару, сылдырап әсем ағасың,
Өзіңмен тартам безбенге тірлік бағасын.
Қондырар шөлді бал суың,
Сондықтан сенен жоқ асыл.
Ақ Жайық-Ару, мен үшін сенен жоқ асыл,
Ұғынасың да ұлылығыңды жартасқа шапшып соғасың.
Сімірер сені барлаушы, малшы аптапта,
Тамшылар зерлеп жағасын.
Атыраудағы жасампаз өмір нәріндей,
Ақ Жайық-Ару,
Ақ Жайық-Ару ағасың.

II
Жүзі қоңыр, жел қақты да күн өтті,
Шопан былай толғар еді толғаса:
«Өзге сулар толтырады жүректі,
Шай шығарар Жайық суы болмаса.
Бұрынғыдай татымайды таңдайға,
Суы зәрдей шыңырауға қонсақ та.
Жайық суын жазған біздің маңдайға,
Тездет, шофер, аңсатпа.
«Жигулилер» ауыстырды аттыны,
Кезіміз мол жиі-жиі жол шегер.
Іздемейміз өзге тәтті-мәттіні,
Үнді шай мен Жайық суы болса егер».
Жапан дала мұнараның жанында,
Моторисің ал былай деп әндетер:
«Өзенің де көлің де жоқ маңымда,
Бірақ асты Жайық суы дәмді етер.
Бұл ісімнен көріп тұрсың оғаш не,
Құм бораны жаңа тынып басылған.
Осы судан қымбат нәрсе жоқ әсте,
Жүз шақырым қашықтықтан тасылған.
Бұндай сәтті барлаушылар көп көрген,
Абыржыма, қонақ жігіт, күйзелме.
Бар жұмысқа, бар табысқа от берген,
Жайық суын жаратады дизель де.
Емес әсте кербездіктен, паңдықтан,
Түсінерсің сөздің ара жігін жай.
Жайық суын сондықтан-
Қадірлейміз көздің қарашығындай».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тост

  • 0
  • 0

Құдағилар,
Құдалар!
Достасуға келдім мен,
Басымызға тағы бір бас қосуға келдім мен.

Толық

Ақ әлемде — екеуміз

  • 0
  • 0

Аппақ әлем, айналамыз ақ бояу,
Ақ әлемде бізден өзге жоқтай-ау.
Қос жүректің кетті шаңын тазартып,
Ешбір әсер жүрекке етпес соқпай-ау.

Толық

Дала мен бала

  • 0
  • 0

– Туһ!..
Жалықтым, неткен шексіз сары дала.
– Шамасы сіз білмейсіз-ау, тебірене толғана.
– Тұншықтырар ойласаңыз, сүреңсіз де, сиықсыз.

Толық

Қарап көріңіз