Өлең, жыр, ақындар

Күйігімнен өлмейсің, Әке, менің

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Күйігімнен өлмейсің, Әке, менің,
Келді менің әлемді мәпелегім.
Белесіңе тартасың биігімнен
Сүйегіңе таңба боп мас өлеңім...

Мас өлеңім – мас өмір, сұрақ біреу:
Кімнің барып алдына сұлаппын мен?
Табынудан бас тартып Тәңірқұлға
Кісімсіген жүректі жылаттым көп.

Әке, өлең өмір-ақ өлмегенге,
Өлмегенде қайтем мен, сөнбегенде?!
Өзеурейтін өршіл көп қызыл өңеш
Бірақ кеңбіз кәрі жер, жел де, мен де.

Түбі тегі бәрінің мәнсіздігі,
Мәнсіздігім әнімнің әлсіздігі.
Иісімнен сүйейді мына самал
Сеніміңіз сүйейді ал сізді ұлы.

Сол ұлылық жұқпайды мүлде маған,
Кімнен алам жынымды, кімге барам?
Жырым-жырым жылдарым жаутаңдайды
Ақ жағасын жақсылық жұлмалаған.

Естіп алып ғаламның ғазалдарын
Мазамды алдым, жақсылық жаза алмадым.
Жанарымнан сырғиды жалғыз ғана
Жақсылыққа тұншыққан әз арманым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Метро

  • 0
  • 0

Жасанды жарықтың саңырау сәулесі
Жалаған рельстің жылтыры көзде ойнап,
Сөзді ойлап кетсем бе
Жоқ әлде,

Толық

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын

  • 0
  • 0

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын,
Екпініме, сірә, бұл төзер ме адамым?!
Сүймеші деп азар да безер боламын.
(Бірақ сен сүй!)

Толық

Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені

  • 0
  • 0

Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені -
Әкем маған, шешем маған өкпелі,
Жанарынан Ертіс тасып есерсоқ.
Кешіріңіз мені, Жүрек, көкөрім

Толық