Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге...
- 0
- 0
Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге,
Құшақтай алмай созады қолын Ай жерге.
Мен өзіңді, мен өзімді жоғалттым,
Қай ғасырда? Қай заманда? Қай жерде?
Бұл бетте «Тəуелсіздік атты сыйлықты» атты Айым Балдай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге,
Құшақтай алмай созады қолын Ай жерге.
Мен өзіңді, мен өзімді жоғалттым,
Қай ғасырда? Қай заманда? Қай жерде?
Кеудеме кеп тұрақтады күз демде,
Жүрегімнен жапырақты үзгенде.
Ұшып кетсем мәңгі жазға... көктемге...
Ұшып кетсем өзімнен де... күзден де...
Көшені кезеді ақ тұман
Ажалдың күпісін киініп.
Жапырақ құлайды сыбдырлап,
Самалмен үзілген күй іліп.
Осы бір күз жанарымда қалып қалды,
Үйретеді мұңайғанды, жабыққанды.
Қоңыр, әжім алақаны сәлем беріп,
Осы бір күз мені көріп танып қалды...
Бәрі бітті...
Жылама, жыламаспын менде енді,
Мен келмеймін сол баққа, сен де сәулем келме енді.
Сұрқай күздің жөтелі үрледі ғой сезімді,
Қол бұлғаймын достарыма көктегі,
Құс біткеннің бәрі маған өкпелі.
Өкпелеңдер, мейлің, мейлің ренжіңдер,
Жат көрмеңдер, жеккөрмеңдер тек мені.
Sayin97
Керемет өлең...