Орманшы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Орманшы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1449
Қалың ағаш iшiнде
Орманшының тұрағы.
Елiктер
Су iшуге,
Үйiне кеп тұрады.
Сайрап, басып күйiне,
Құстар кеңес құрады.
Кейде орманшы үйiне
Аю мойнын бұрады.
Орманшының қолынан
Бұлан жем жеп кетедi.
Желе жортып соңынан
Түлкi-дағы өтедi.
Ормандағы аңдарды
Орманшылар қорғап жүр.
Аң торитын жандарды
Жолатпайтын қорған бұл.
Күзетте жүр сол үшiн,
Қоритыны аңдар ғой.
Ең қауiптi ол үшiн
Аң торитын жандар ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орманшы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Орманшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орманшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орманшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері