Мұнай көліне қонған аққулар – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Мұнай көліне қонған аққулар» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3271
Күн нұры төгіледі аппақ арай.
Көз тігіп құмартпассың көкке қалай?
Сыңсыған аққу әнін естисің бе,
Самғаған мұнаралы жаққа қарай.
Өзгені сұлу жаны қаламай ма,
Аққулар ғашық осы қара майға.
Тазартып қанаттарын жүрем ылғи,
Ұшуға жарамай қап.
Белгісіз осы өңірді сүйеді күш,
Әуелден жыр еліміз, күй еліміз
«Қара маржан» түсті әлде ұната ма,
Кім білсін, киелі құс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері