Ақбоз ат мінген Елбасы

Бұл бетте «Ақбоз ат мінген Елбасы» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2016
  • 0
  • 0
  • 3471
Тамшалыда… мөлдір тамшы… көп ғажап,
Тамсанбаған Тамшалыға жоқ қазақ.
Осы жерде, осы жерде халайық
Нұр-ағаға мінгізген-ді Ақбоз ат.
Кенет… тосын бір іс болды ақылды,
Елжіреткен алыс, туыс-жақынды.
Оқыранды иесін күткен Ақбоз ат,
Елбасы оған салған кезде тақымды.
Алып ұшты Елбасыны жыраққа-ай,
Қос қолтыққа қанат біткен пырақтай.
Әулиелер Нұр-ағаны аймалады маңдайдан,
Аңызақ боп,
Ақ сағым боп құлатпай.
Кең далада келеді ғой желпінгің,
(Ақбоз атты патша дала көркің бұл.)
Сәнді сарай тамаша ғой, сонда да,
Кең далада тыныстады ол еркін бір.
Енді ешкімге жалтақтаман тұрмыста,
Алдымызда жарқын мақсат – тұр нұсқа.
Тұлпар мініп дала даңқын асырған,
Атилла да,
Темірлан да,
Шыңғыс та.
Қандай жұмсақ еркіндіктің самалы…
Кеуделерге бірлік отын жағады.
Емін-еркін төрт түлігің жайлауда,
Бұлақ қырда емін-еркін ағады.
О, Жаратқан! Бізді де бір қолдашы,
Болсын оның – қыдыр-ата жолдасы,
Естисің бе, естисің бе, ей, қазақ,
Атқа мінді, атқа мінді Елбасы!
О, Жаратқан!
Бізді де бір қолдашы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақбоз ат мінген Елбасы өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ақбоз ат мінген Елбасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақбоз ат мінген Елбасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақбоз ат мінген Елбасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар