Өлең, жыр, ақындар

Түлкі

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1407
Ауыл маңы, қатты аязда бір күні
Түлкі ойықтан су ішті кеп ұрланып.
Әлде жазым, әлде тағдыр бұйрығы,
Мұзға жайлап жабысты оның құйрығы,
Абайсызда дымданып.
Түзетуге бола еді қырсықты:
Сәл қаттырақ жұлқынып күш еткенде,
Құрбан етіп біразырақ қылшықты,
Адамдар жеткенше
Аулақ зытып кеткенде.
Қалай қисын құйрығын ол алтындай,
Үлбіреген жалқындай!
Күту керек, оянған жоқ жұрт әлі,
Күн жылынса, атып қыстың нұр таңы,
Құтылардай бұл тағы,
Біраз тосты, құйрық әрмен жабысты,
Таң да атып, көрді жақын-алысты.
Ел қозғалды, естіді енді үнді анық,
Түлкі байқұс жынданып,
Жұлқыланды, ширықты,
Жылым, бірақ, жібермеді құйрықты.
Бағына орай көріп қап, Қасқырға ол жалынды:
«Айналайын әкетай, құтқара көр жанымды!»
Қасқыр оны мақұлдап,
Келді-дағы жақындап,
Құйрықты азу тіспенен
Қиып түсті күшпенен.
Тірлігіне болып енді мақұл-ақ,
Қашты аулаққа құйрықсыз сол ақымақ.
* * *
Жұмбақ емес, мысалымның біл сырын,
Қиса Түлкі біразырақ қылшығын,
Болмас еді бұл шығын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оп-оңай ойлар айтпақ боп

  • 0
  • 0

Оп-оңай ойлар айтпақ боп,
Қиналам кейде керемет.
Ақындар аулын айттап кеп,
Жегемін жанды жебелеп.

Толық

Болаттың әдеті

  • 0
  • 0

Ауылға келсе атты адам,
Тұп-тура соған беттейді.
Сол үшін ұзап қақпадан,
Сол үшін Болат кетпейді.

Толық

Сағынтайдың Әбдірі

  • 0
  • 0

Жағасында Таластың туып өскен,
Толқынында ақ тәнін жуып өскен.
Үшаралдың өркенді бір баласы,
Арман қуып, халқына жуық өскен.

Толық

Қарап көріңіз