Өмір деген – Бекішова Сандуғаш

Бұл бетте «Өмір деген» атты Бекішова Сандуғаш жазған өмір туралы өлең берілген.

Бұл өмір киноның сериялы секілді
Жалғасқан, бітері қай жерден белгісіз
Төрінде актерлар қияли өкілді
Көшіріп сомдайтын өмірден негізсіз

Дарынды дарынсыз актерлар шоғыры
Таласқан рөл үшін жүректің түбінде
Адасқан белгісіз бейнелер тұғыры
Жоғалтқан негізін дублдің ішінде

Сүйетін, күйетін бәріде өткінші
Жасанды сан қабат гриммен сәнделген
Сағынып аңсайтын түбінде өткенді
Тап-таза бір сезім манажбен өңделген

Мына өмір киноның кадоры секіді
Тірідей қалатын таспаның ішінде
Көрермен еске алса тағдырлы өкілді
От болып жанатын сананың түбінде

Кімдерге бұл жерде басты рөл берілген
Бәріде белгісіз сенари ішінде
Өзгерту жоқ бірақ нақты бұл шешілген
Жаратқан үкімі бір фани төрінде
( Бекішова Сандуғаш 25.02.2019 ж. )


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері