Өлең, жыр, ақындар

Бекішова Сандуғаш

Бекішова Сандуғаш Серікқызы
Бабалардың ізімен 22.04.16
(Ұлт азаттық көтерілісіне арнау)

Күндегідей таңым атып, пенде оймен
Аяң басып келе жатқам мен жаймен
Кенет бір сәт, көк аспанның жанары
Жалын атып, құлдилады көк саймен

Сол бір дауыс аңыраған тым сырлы
Жаңғырықтай шертті келіп бір жырды
Тіпті мына ағаштарда селк етіп
Тұнық үнмен әлдиледі сан қырлы

Самал желде сыр сандығын бөлісіп
Маңдайымды сүйіп жатты, өбісіп
Мөлтілдеген көз жасы да сол көктің
Жұмыр жерді құшты келіп, төгісіп

Қайран ғана абызым-ау ардақтым
Мұңлы шермен неге сонша зар қақтың
Уақыт шіркін бәрін жазад деушеді-ау
Салған ізін тағдыр атты тозақтың

Өзің шерткен сырлы шерге бүгінде
Ғасыр өтіп, күн ойнады көгімде
Қан төгілген сол кездегі жерімде
Қала орнап, ұрпақ өрді төріңде

Мына аспан, мына өзен, мына жер
Куәгері сол сәттердің, дана шер
Бір кездері осы жерде ер бабам
Ерлікпенен еткен еді-ау пана төр

Ол кездегі еркіндігім халықтың
Арман еткен күндері еді-ау жұмақтың
Тал шыбықтай жас ғұмырын құрбан ғып
Езгісіне төзген еді-ау тозақтың

Мына жерде дана қартым бір кезде
Бата беріп, азаттыққа ер сөзде
Аттандырып жалғыз ұлын майданға
Қала берген жалғызсырап сол тезде

Жалғыз ұлы ар тірегі әр үйдің
Аянбастан жанын тігіп сан бидің
Езгі ойын кеудесіне шер етіп
Қайсарлықпен жанарына қан құйдың

Махамбетім, Исатайым ардақтым
Жалындаған ерлері еді-ау қазақтың
Жастық ғұмыр, ерлік отын құрбан ғып
Мазағына қарсы тұрған тозақтың

Мына мола бір кездегі жарының
Соңғы ізі жалғыз ғана ұлының
Қазасына жан дүниесі сене алмай
Жан тапсырған мекені еді-ау зарлының

Мына сайда бір кездері бір ару
Амалсыздан алған еді-ау зіл қару
Ерлерменен қолтықтаса шайқасып
Үйренгенді жауларынан кек алу

Осы жерде жетім қалып сан бала
Көрмей өсті ата-анадан бір пана
Жесір қалған жастайынан жарларда
Сақтап қалды жүрегінде қан нала

Халқым болса амалсыздан зар илеп
Көшіп жатты шөл далаға жан күйлеп
Сан зиялым қарсы тұрып қасқайып
Құрбан болды елі үшін ар билеп

Беу абызым соның бәрін өткердің
Зұлматтарын кешіп талай өткелдің
Қазасына талай ердің зар жылап
Аналардың тамшы жасын сан тердің

Қайран ғұмыр желдей есіп өткенмен
Таулар шөгіп, құстар асып кеткенмен
Өткен күннің зіл жарасы бітпеді-ау
Өкпек желдей соғып тұрған өкпеңнен

Сенің жапқан топырағың бүгінгі
Жасырмастан тұр ғой әттең үніңді
Қарап тұрсам бәрі сенің балаң ғой
Зар илетіп, қан жылатқан төріңді

Уа абызым, мұңаймағың сабыр ет
Бұның бәрін көріп тұр ғой құдірет
Сондықтанда түбінде бір шек болар
Есеп берер сәт жеткенде ақырет.

Ал бүгінгі азат күнім ардақты
Сан ғасырдың арманы еді-ау салмақты
Жанбай жатып қайта сөнген жұлдыздың
Өтеуіндей орны толмас қомақты

Сондықтанда еркіндігім ардақтым
Ең асылым баға жетпес қомақтым
Әркез қорғап, қастерлеумен өтетін
Биік шыңы, аманаты ар тақтың

Бабаларым тағзым етіп өтерміз
Зырлап уақыт бізде сізге жетерміз
Тек қалауым бақытты әркез болса екен
Алмастырып соңымыздан келер із

2. Жамбыл атама.
Жамбыл таудың жаралып сынығынан
Баба жырдың нәр алып тұнығынан
Өскен қартым қария беу Жамбылым
Тұрсың білем айнымай тұғырыңнан

Сіз аңсаған азат күн бір кездегі
Қолға жеткен бақыт қой ол біздегі
Осы күнді көрсем деп қайран атам
Өр қырандай жортқансыз қыр түздегі

Соғыс жылдар әрине халқым үшін
Сынайтұғын жыл болды алқым күшін
Қарсы тұрып қаншалық күрескенмен
Қасіретке толтырды елдің ішін

Әрбір сәті күрескен майдандағы
Сапарындай болды ғой айдындағы
Алға жеңіп бір қадам келген сайын
Бір құлыны жығылды қойнындағы

Қасіреті пітсе деп тезді жердің
Жақұт жырын тілімнің өзің тердің
Ауыр жүктен қайысқан елдің белін
Нар түйедей көтеріп төзім бердің

Сарбазыма бағыттап ардың жолын
Өлең жазып демеуші нары болдың
Жалғыз жарын аңсаған жесір жанға
Басу айтар жүректе жары болдың

Айтыста да сан бұзып шаршы топты
Өлең жырмен бораттың қарша оқты
Тіпті ата Ленинградтық өренім деп
Бата беріп қолдадың барша жұртты

Қайранлықпен, тағлыммен ғасыр жасап
Өткерсең де басыңнан талай азап
Алғадайдың өлімі майдандағы
Зор қасірет түсірді- ау ауыр сынап

Бірақ ата тек оған мойымадың
Сабыр етіп төзіммен мойындадың
Қанша ауыр болса да өмір жолы
Жеңіп өттің табылмай бойыңда сын

Жалған өмір расында толқын сынды
Даярлаған бір Алла солғын сынды
Қанша жеңіп өмірде келгеніңмен
Жеңе алмайтын еш пенде қабір сынды

Сондықтан да осынау жұмыр басым
Қалай ғана қияды қабір тасын
Елі үшін соғылған ғасыр жүрек
Жаза берер мәңгілік елдің жасын

3.Тәуелсіздік мәңгілік елдің тірегі
Төр шыңым өрлі мекен өрнектелген
Төсінде өзен ойнап, қыр көктеген
Сол шыңның шынар басын көремін деп
Сан ойы құзғындардың кермектелген

Бұл мекен қай заманда құтты бесік
Қыранға құшақ ашқан көкті тесіп
Іздесең осы жерден пенделікті
Таппассың, ей құзғыным, дертті есік

Қаласаң сорлы құзғын сатқындықты
Бишара жан екенсің дертің мықты
Өйткені шынар көкке қарап тұрсаң
Көрерсің тек адалдық, жақындықты

Төсі де осы шыңның бауыр мекен
Досына құшақ ашар шайыр мекен
Мейріммен келіп тұрған әрбір жанды
Патшадай құрмет тұтар қайыр екен

Бесігі бұл мекеннің жұмақтайын
Табылмас жұмыр жерде тұрақтайын
Суы да осы жердің жаңға шипа
Қайнары таусылмайтын бұлақтайын

Қойнауы асқар шыңның сандықтайын
Бойласаң жақұт толы хандықтайын
Мінеки соның бәрі Алла берген
Қисапсыз алтын-күміс сарқыттайын

Өткені бұл жұмақтың өртке түскен
Өтем деп сол жолдардан дертке піскем
Көре алмай талай жылан, қырғиларың
Құртсам деп жер бетінен терге түскен

Мұқалмас өлтірсем деп қыран рухын
Азғырмақ болды талай елдің шырқын
Бірақта біле алмады олар жалғыз
Тектілік қырандардың нағыз парқын

Сұмдық пен арамылық сұмның ісі
Қолданар қарлы боран оның күші
Қаншама ол байғұстар ұмтылғамен
Бір сәтке сөнген емес күннің күші

Өр қыран өрлікпенен өрнектелген
Өз жауын өртке салып сан өртеген
Қасқайып қарсы тұрым жері үшін
Өлімсіз шынар көке ол беттеген

Бүгінде ұрпақтары сол жыланның
Досына айналмақшы өр қыранның
Ұмытып бар келеңсіз болғанжайды
Ту етіп алсақ дейді дос ұранын

Қыранда тек әрине тектік қана
Кірбіңсіз құшақ ашар бектік сана
Егер де болсаң лайық адал досқа
Құшағын ашып тұрар кеңдік пана

Беу жолдас, түрген жеңін дос болмаққа
Пейілді бұра көрме қас болмаққа
Мейріммің қойнауында жалын от бар
Жұмсалар қас жауына жас толмаққа

Ол кезде құтқара алмас сайтаның да
Демеу боп жеңілдетпес айтқаның да
Өткені мына біздер жақтамаймыз
Сатқындық рухы барды бой қанында

Беу жолдас білгің келсе бұның мәнін
Зер салып тыңдап көргің тектің әнін
Тек сонда түсінерсің қазағымның
Тәуелсіз достық деген үннің сәнін

Қазағым қыран құсым қалықтаған
Сапарың сәтті болсын шарықтаған
Еркіндік арай күнім мәңгі болып
Достыққа бесік болсын тұрақтаған

Бүгіндей бақыт күнім қашан туды
Айқара жеңдік міне шашқан уды
Жасқанбай, жалынбастан жар саламын
Құлашын бейбіт күнге ашқан туды

Өзіңдей қасиетті қастерімді
Төксемде таба алам ба бар терімді
Бақыты байлығы да тең келмейді
Тірек боп әлдилесең әз жерімді

Бір сені көрсем деумен талай елдер
Жоғалып кетті бүгін қалмай төрлер
Іздері сол жұрттардың сыр шертеді
Жұмбақ боп жатқан мынау сарай көрлер

Дәл саған тең келмейді жұмақтағы
Байлығы толып жатқан тұрақтағы
Оянсам ғайып болар мен қайтейін
Бөтеннің сол бесігін жырақтағы

Қазағым қандасым-ау қайран жұртым
Төсіңнен кетпесе екен сайран құтың
Білік пен еркіндігің мығым болып
Достарға жайылса екен айран құртың

Біріңді бірің халқым құндыздайын
Бағалап сыйлап жүрші жалғыздайын
Өйткені бір қазаққа бұл әлемде
Сырлас дос бола алмайды қандастайын

Қазағым қандасым-ау бүгіндегі
Еркіндік бақытың ғой төріңдегі
Жетуің қанша қиын болғанменен
Сақтауың тек бірлікте жеріңдегі

4.Мұқағали қайран аға, сырласым.
Хафиз жүрек тулатса жақұт қылын
Жорға болып тербелсін шабыт құлын
Қалай ғана айтсаңшы қияр екем?
Өлді деуге қазақтың шайыр ұлын

Сіз кеткелі, беу аға, жылдар өтті
Сағынышпен тербеліп жырлар жетті
Биыл міне сексен бес көрер ед деп
Арман сезім құстармен бірге кетті

Махаббатпен тербелген жүректерде
Асыл жырмен емделген тілектер де
Шөлеп жатыр, аңсады бүгін міне
Сіздей ақын арда ұл тірек ерге

Өзіңіз қанып ішкен бұлақтарда
Құшағында тербеткен құрақтарда
Бәрі- бәрі сағынып жалғыздықтан
Жетім ана күйінде тұрақтауда

Үмітпенен көктем де жаз да кетті
Сағынышын арқалап қаз да кетті
Жесір бұлтта кезумен кең даланы
Ағыл тегіл көз жасын боздап төкті

Сіз сырласқан бір кезде ақ қайың да
Жалғыздықтан сыр шертті мол уайым да
Айырбастап күн кешем деген ед- ау
Деп қояды, ол кейде жан жайында

Жолдас болған бұл өмір базарында
Құрбы құрдас замандас бауырың да
Жаны жайсаң ақ көңіл жан еді-ау деп
Еске алады қимастан мазарың да

Менде аға, жанымда жүргендердің
Балтырымнан бір қатты бүргендердің
Қылығына жан дүнием қатты тоңып
Сырлас жанға жанымды түргендеймін

Жан жолдасым танымай өте шықса
Қол созғанда жауымдай жеке жықса
Бұл өмірде не істедім, не үшін жүрмін
Деп ойлаймын мен кейде келте ұқса

Сырласарлық достарым аздау менің
Жоғалтам деп соларды қаздау емін
Не ойлайды мен жайлы, не дейді деп
Жауап іздеп жүрегім аздау менің

Сансыз сауал жанымды буғанын да
Ақыл тұлпар сан жаққа қуғанында
Мен де сіздей сыр шертем қара өлеңге
Ұқпайтындай дәл бұлай туғаным да

Сырласым да бауырым егізім де
Жазатұғын халқыма жыр ізімде
Жалғыз ғана беу қалам өзіңсің ғой
Ағамдағы сол жырдай бір өзім де

Қайран ата, жалғанда сіз өлмейсің
Ғасырлардан ғасырға із төлдейсің
Халқымменен бір жасар егіздей боп
Сырласқанда тербетер теңіздейсің.


5.Алатаудай Мұқағали беу аға.
Сағынышпен сездіріп сырдың сазын
Жүрегімнен жеткізіп күздің назын
Сырласуға мұңдасым келдім бүгін
Бұлбұлдайын қимаған сол бір жазын

Білесізбе, беу аға, бір сырымды ?
Айта алмаған ешкімге жан қырымды
Қанша сіздей өнерді таңдасамда
Пұшпақтаған жанартау қар жырымды

Бірақ қайдам сол жырым жарар ма екен
Сырласқанда жан мұңын таңар ма екен
Әлде мүмкін жанбаған жанар таудай
Өшіп мәңгі өзіммен қалар ма екен

Неде болса жақұтты терсем деймін
Жердің кенін шахтердей көрсем деймін
Сан ғасырлық сақталған осы кенді
Көпірдей боп ертеңге берсем деймін

Содан ба екен білмеймін тек әйтеуір
Өн бойымды тулатты тиек дәуір
Тіпті бір сәт жанбаған жанартаудай
Шоқ іздедім жанарға не бір тәуір

Осылайша асығып жұмыр жерден
Қашып өттіп жұмаққа жауыр көрден
Өн бойым да құбылып демі қашып
Кебіндейін киіндім тұнық терден

Жыр болмаса үнімнің сыры қайда
Ақтарарлық жүректің нұры қайда
Күндер зырлап қаншалық жатқанменен
Өте берер елеусіз бәрі майда

Қайран ғана Қарасаз күңіренген
Еншісінде жылдардың еңіренген
Қарттық басқан жесірдей қалыпсың=ау
Тәтті шақтар өткеннің күніне енген

Үмітпенен жадырап жаз өтіпті
Сағынумен көктемін қаз кетіпті
Қара бұлтта жалғаумен өзен көлді
Сан арнаға сағыныш баз жетіпті

''Бақ мекен''де бір кезде жұмақтайын
Жұтаң тартып қалыпты құрақтайын
Кәрі қайың үстінде ''Жалғыз көкек''
Күй шертеді бір мұңнан сұрақтайын

''Ескі жұртта'' сарқыттай ''Бұзылған үй''
Санасына ел жұрттың сызылған үй
Балалықтың бал сәтін жеткізгендей
Жүректерге таңба боп жазылған күй

''Таудағы нөсер'' таңба боп басылғандай
''Ғашықпын!'' деп сезімдер шашылғандай
''Есіңде ме?'' беу аға ''Жастық'' шағың
Ұшып келіп мойынға асылғандай

''Жазғырма мені, жан-аға'' өтінемін
''Жыр жазам'' деп мен бүгін бекінемін
Қарасаздың көмбелі қойнауынан
Жеткізуге өлеңмен өтінен үн

''Жүрегім менің – жанартау'' жалындаған
''Жүрек арызы'' үнім бұл қалыңдаған
''Жаман өлең'' сондықтан хақым емес
''Соқпақ'' жолда шабытсыз алынбаған

'' Өкпелетті дей алман өмір мені''
Қайғыруға ашылмас өмір кені
''Шыда, шыда'' сондықтан деп қоямын
''Елім барда'' өлтірмес өмір сені

''Сәби болғым келеді'' кейде менің
Сырласымдай ''Қара өлең'' бірде сенің
''Тірі адамдар өлмесін'' сонда ғана
Перзентің боп қаламын халқым сенің

Таңдағаным ''Қара өлең'' ''Өкінбеймін''
Қалағаным ел қамы шегінбеймін
Нансыз сусыз өмірлік өтсемдағы
Атақ бер деп ешкімнен өтінбеймін

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін
Елдің мұңын Мұқаңдай мен теремін
Жылатуға келгем жоқ әсте бүгін
Өлмес нұрды жақұтпен мен беремін

Өлең жазсам Мұқаңа бүгін арнап
Көшірмеймін ағамның үнін қарап
Сандуғаш деп өзіме жол таңдаймын
Тау қыраны секілді көгін қарап


Қайран аға халықтың үніндесіз
Шын ғашықтарқуанса жүзіндесіз
Алатаулар асқақтап кетіп жатса
Төбесінде төгілер күніндесіз

Сондықтанда өлмейсіз өшпейсіз де
Бұлттай болып қазақтан көшпейсіз де
Ел жадында сақталып абыз қарттай
Уақыт заңын еншідей кешпейсіз де

Аласару, жаңару ғалам заңы
Әсер етпес бір оған адам заңы
Тек қана Алатаулар биіктейді
Өзгермес бұл тірліктің мәңгі заңы

7. Сағындырған достарым
Жанымның бөлшегіндей беу достарым
Қиында демеу болар жан қоштарым
Жылытып құшақтарды келсеңдерші
Жайылсын сендер үшін сан астарым

Сендерсіз қайран достар маған мүлде
Орнығып тұра алмайды ешбір үлде
Тіпті бір сәт жұлдызым жансадағы
Шаттанып қуанбайды жұмыр сүлде

Жанымды түсінетін сендер ғана
Қимастық сезім сыйлап жаймен ғана
Демейтінде сендерсің мына мені
Үзілмес үміт сыйлап нағыз пана

Ұғынған да сендерсің тұнық сырды
Байқалмас бойымдағы дарын қырды
Жеткізгенде сендерсің талай жолды
Ақтарып жүректегі жалын жырды

Беу дотарым, бүгінде мына бізді
Өмір теңіз шарлатты небір түзді
Не де болса жолаушы біз келеміз
Сағынумен сырласар сол бір жүзді

Дос дегенің шынында ғанибет қой
Сырласқанда мұң шағар бақ ниет қой
Сондықтан да құдай ау өзің берген
Үлгі болар ғасырлық өсиет қой

Қайран достар келіңдер ән салайық
Адалдықты жар саллып тамсанайық
Шөлдемесін жүректер, жаурамасын
Құшақ ашып баршаны қарсы алайық

Уақыт ізін салғанмен өз белгісін
Достық құшақ жаппасын еш есігін
Сағындырып, аңсатып жеткен кезде
Сырлас жүрек тербесін дос бесігін

8.Бір сезім
Түнгі дала
Тұп-тұнық
Жұпар шашқан
Байқамайды қала да нұры қашқан
Қатар қатар тізілген ағаштарда
Самал желге тербеліп құшақ ашқан

Нәрін себер
Тірілтіп
Таңдандырып
Төгілмейді көк нөсержандандырып
Қарамастан осыған туған жердің
Жұпар ісі тербейді паңдандырып

Еркіндік пе
Арман ба
Көрген түс пе
Әлде бәлкім қалауым төзген іс пе
Неде болса сыйлаған жүрегімде
Қиялмайтын бір тәтті тербеліс пе

Біле алмадым
Сезбедім
Түсінбедім
Түсінбедім, тек қана күрсінбедім
Қарамастан осыған туған жердің
Бұлттарының ең биік төсіндемін

Бақыттымын
Еркінмін
Жар саламын
Уайымсызбын қуанам ән саламын
Күллі әлемде дәл мендей жан жоғындай
Нығметіне бақыттың тамсанамын

9. Анашым-ау анашым
Дүние жалған
Жалғандығын
Көргенсің
Көрсеңдағы анашым-ау төзгенсің
Мұңаймашы, өкінбеші қайтесің
Тірі болсаң өтеді ғой төзген сын

Есем кетті
Дей көрмеші
Өмірге
Кірбің алып, нали көрме тәңірге
Жастығыңды бермесек те қайтарып
Серт береміз құрметтеуге әзірге

Қайрылмасын
Қарамасын
Көрмесін
Жақсылықта жасамасын бермесін
Бұл өмірде үлкен сенің жеңісің
Анашым ау біздерміз ғой көрерсің

Адам еттің
Ақ сүт бердің
Жеткіздің
Қорған болдың, талай сынақ өткіздің
Енді бүгін жаз өткенін байқамай
Сабырлықпен сансыз бақыт шеккіздің

Ақ сүтіңді
Маңдай терің
Сан жолды
Ақтаймын деп үміт гүлі сан солды
Бірақ әттең өтелмесін білсем де
Қайран жүрек жауап іздеп мұң толды

Бар пейнетің
Өтелмейді
Болмайды
Жастық күндер оралмайды, толмайды
Тіпті ана, қанша жұмақ салсам да
Ақтай алмай жүрек жырын жолдайды

Уақыт өтер
Біз өсерміз
Жетерміз
Алмастырып талай уақыт кетерміз
Тек анашым сабыр етші бізбенен
Әлі-ақ жеңіп өткерерміз, өтерміз

10.Махаббат құдіреті
Бала:Жер бетінде осынау дөңгелеген
Бағынбастан жүректі мәпелеген
Алып ұшқан шынайы пәк сезімсіз
Болар мекен бір бақыт мән иеленген

Пәк сезімсіз адамға бақ қонар ма
Жалғыз аққу айдынға сән болар ма
Қыр гүлі де көктемде бүрін жарып
Күн нұрынан жайқалып нұр толар ма

Бүгін міне пәк сезім білемісің
Жүрегімді тулатты сеземісің
Ақыл шіркін өзіңе асыққан соң
Әміріне жүретің төземісің

Сол сезіммен осынау айлы түнде
Баурап алып тербетіп жайлы үнде
Таңдауыма себепші болған өзің
Жұлдызымдай тек жалғыз байлық менде


Ғашық болдым нұрына көздеріңде
Шашатындай жылулық сөздеріңде
Таса кетіп бір сәтке көрмей қалсам
Сыйлайтындай нәзіктік өзегімде

Білемісің бұл жүрек өліп сүйді
Тіл байланып, алдыңда көңіл күйді
Тіпті бір сәт көрмесем жарылардай
Сағыныштан жүрегім сені іздейді

Өзге аспан жұлдызын мен қайтейін
Таңшолпаным сен жалғыз болсаң дейін
Махаббатын жүректің шын сезініп
Сыңарым боп жанымда жүрсең деймін

Қыз: Жұлдызға да айларсыз сән болар ма
Раушанға да шуақсыз нәр толар ма
Зырлап өтер расында бұл өмірде
Махаббатсыз шынайы мән қалар ма

Жалғыздықтан жүрегің уланбасын
Махаббатсыз жүрегің туламасын
Бір өзіңді басымның бағы ғой деп
Пәк сезімін жүректің бағаласын

Қорған болсаң гүлің боп жайқалайын
Сезім болсаң сырың боп сақталайын
Айдыныңа аққу боп бүгін қонып
Бақытың боп мен сенің байқалайын

Бауырыма
Жан бауырым соңымдағы көзімдей
Жұмыр жерде жан бар мекен өзіңдей
Көріп сені бүгін тағы түсімде
Атып тұрдым тамшы жаспен көз ілмей

Неге екен, не себептен, сезбеймін
Жүрек дүрсіл, не боларын іздеймін
Аптыққаным соншалықты көпірден
Өтер жолды таба алмаймын, төзбеймін

Өн бойым да қыс жазындай алмасып
Ыстық суық қайнап жатыр жалғасып
Кей кездері қаңтарынан тағдырдың
Тоңғанындай дірілдейді сал басып

Бауырым-ау,жалғызым, жан інім-ау
Құлақ түрші сырыма менің мынау
Неге жатсың тұрсаңшы өтінемін
Жағасында өзеннің таң күнім-ау

Қандай себеп, не жағдай,қалың қалай
Ақтарсаңшы сырыңды үнің талмай
Көпір асты өзенге қалай жеттің
Өтінемін айтсаңшы бұның қалай


13. Өзің барда
Тапқан жалғыз жұмақ кілтін сезімнің
Бір сенсің ғой әмірші өзімнің
Билейтін де тербейтін де жанымды
Жалғыз сыңар шуағысыңкөзімнің

Неге екен сені сүйдім көрмеймін
Сен бар жерде қайғы мұңды өрмеймін
Тіпті бір сәт бұл әлемді бір сенсіз
Елестетіп жұмақ деуге бермеймін

Сен бар жерде бұлтта тұрып күз болмас
Сен күлгенде аяз тұрып мұз толмас
Өйткені сен жалғыз Аллам жіберген
Сыңарымсың тамұқта да сыз болмас

Сен арқылы мен үйрендім сүюді
Сабыр етіп, өзге жанға күюді
Тіпті бір сәт өзгерсе де дүние
Жалғыз саған өр басымды іюді

Мен өзіңнен жасырмаймын барымды
Адал болсаң аямаймын сырымды
Тек тілерім жалғыз ғана өзіңнен
Жалғай білгің меніменен таңыңды

14.Апатайым, апам-ау, апажаным
Апатайым, апажан күнім менің
Бауырыңа тығылған құлын едім
Балалығым бал қылық сізбен кетті
Құлазиды көңілім соған менің

Сіз кеткелі мәңгілік пана баққа
Ай өтті сырғуменен мына жақта
Содан бері барлығы өзгергенмен
Нұр жүзің ақ күледі сана тақта

Жаулығыңда көйлегің құраның да
Барлығыда сол қалпы тұрағыңда
Жалғыз ғана жылытар құшағымды
Апатайым сіз жоқсыз құрағымда

Әлі күнге білмеймін сағынамын
Тағдырыма нала айтып шағынамын
Қаршығым көзімнің келе ғой деп
Шақырмайсыз, мен жүдеп жалығамын

Жас аламын,іздеймін,қарайлаймын
Қарайлаймын сенбеймін арайдайын
Әне міне келердей бүгін ертең
Үміттенем, күтемін, армандаймын

Бірақ жоқсыз, келмейсіз сіз қайдасыз
Келер деуім ол жақтан еш пайдасыз
Қалың мұңнан жанарым арыла алмай
Тулап жатыр жүрегім бір сағасыз

Мейлі апа, зымырап күндер өтсін
Сағынумен білінбей жылдар жетсін
Сарқытыңдай мен сені жалғай берем
Өшпейтұғын жүректе үндер үшін

15.Жаратқанның есімі бар жан ана
Бұл өмірде сөнбейтұғын күні бар
Жылы жұмсақ қайталанбас үні бар
Өзіңсің ғой қайран ана тек жалғыз
Есіміңде жаратқанның мәні бар

Анашым-ау қабағыма қарайсың
Жырақ кетсем уақыт қылын тараймын
Сағыныштан алып ұшып келегенде
Кеуде қысар жұмақ мекен арайсың

Ұл қызым деп қайран ана күлейсің
Қарсы тұрып уақыт ізін білмейсің
Тіпті бір сәт бұл ғаламда қаншама
Бақыт барын қарамайсың ілмейсің

Біздер үшін отқадағы түскенсің
Жеткізем деп удыдағы ішкенсің
Кейде адасып жол таба алмай қалсақта
Қарсы тұрып аязда да үскенсің

Анашым-ау бақытты боп жүрсем де
Ақтау үшін тағлымыңа ерсемде
Сынап ғұмыр өз белгісін салғаны-ай
Қорғасындай құрық салып еңсемде

Асыл ана мұңыңды көргім келмес
Салғанына уақыттың сенгім келмес
Қанша уақыт алмасар десем дағы
Тырнағына тажалдың бергім келмес

Уа жаратқан қайтемін бұл ісіңе
Шарам бар ма өзгертер кесіміңе
Өтінемін өзіңнен тоқтай тұршы
Асықтырмай мәңгілік бесігіңе

Адал етіп соншама өсіргенде
Қарсы тұрып тағдырға кешіргенде
Перзент құрлы қалайша құным болмас
Өмір дейтін тылсымды сен бергенде

Керек болса жанымды берейінші
Шаттығыңды мен сенің көрейінші
Шарам болса қайтадан жүрегіңе
Жалын отын сөнбестей терейінші

Тек анашым өтінем күліп жүрші
Махаббатын сәбидің біліп жүрші
Уақыт зырлап қаншалық өткенменен
Аман есен жанымда еріп жүрші

16.Жетімдер үйіндегі сәбидің мұңы
Әке-ана, күн шуағым алтындарым қайдасыз
Сағындым ғой мен сіздерді жаулап алып ойда сыз
Тастайтыңдай бұл тағдырдың талқысына мен сонша
Айтыңдаршы қандай салмақ түсірдім мен пайдасыз

Бірге болсаң, сырлас болам өр рухыңды сақтаймын
Аянбаймын, алға басам, арманыңды ақтаймын
Қажет емес, дүние байлық тамақ киім жаухарың
Кеуде қысып балам деген әлдиіңді жақтаймын

Бұлтты күнде күнің болам жылытамын кеудеңді
Қуат берем нәрің болам көтеремін еңсеңді
Аштықтада ләм демеймін бір боламын өзіңмен
Сабырлықпен қатар жеңем бөлісемін бар кенді

Жұмақ нұрым, беу қазынам бақыттымын мен бүгін
Қандай тылсым болсадағы орната алмас еш түнін
Мен өйткені тамшы қаным дәл сіздерден жаралған
Мирасқорың ұрпағыңмын шарықтатар ән үнін

Жұмыр басым мейлі анашым ақ сүтіңе қамбасын
Жан жылуын беу- әкешім бір өзіңнен алмасын
Мәңгі бақи борыштармын өзгерте алмас оны ешкім
Ашқаныма бұл тағдырдың адам атты қамбасын

Асқартауым алтындарым өтінемін келіңдер
Жылу аңсап лүпілдеген бұл жүректі сезіңдер
Жалғыз ұлым айналдым алтыным деп
Мейірлене нұрға бөлеп жан жағымнан сүйіңдер

Әй өмірім сен менен қаларсың-ау
Әй өмірім сен менен қаларсың-ау
Қара топырақ тәнімді жабарсың-ау
Кеудемдегі толқыған жұмыр етім
Сөніп мәңгі тас болып таларсың-ау

Өкпе реніш кек сақтап неғылайын
Қара дақпен жүректі былғамайын
Өмір деген бұл бақыт біле білсең
Парқын біліп сондықтан бағалайын

Әрбір атқан ақ таңым ғанибет қой
Батқаным да амандық, бақ ниет қой
Қарап тұрсам барлығы сол бір күндей
Оралмайтын бір күндік зор пейнет қой

Тәнімнің қара жерге көмілерін
Жетімдікпен жанымның өрілерін
Санамменен барлығын білсем дағы
Жүрегіммен сездім бе некүтерін

Бірақ қайдам шынайы сезбедім-ау
Өлім барын көрсем де сенбедім-ау
Олай болса пенделік бойымдағы
Ақыл менен қайраттан безбеді-ау

Кейде осы арманға асыққаным
Күн артынан күндерді жосытқаным
Жақындатқан сәт сайын қара көрге
Жаңғыз жолым екен ғой әр басқаным

Соңғы демім кеудемнен шығарын да
Жүрек қимай ақырғы қағарын да
Тұла бойым қия алмай пенделікті
Тербеледі қай сезім құшағында

Қара көрде кебінмен жатқанымда
Қос жерімнен мықтылап буғанында
Қандай ғана сезімде болады екем
Қара топырақ тәнімді жапқанында

Жалғыз қуыс мекенім болғанында
Қара өлең алқымнан алғанында
Алла алдында ақырғы есеп болар
Қандай жауап болады толғанымда

Ақындығым Алладан бағым болар
Жазған жырым сұрауым, жағым болар
Жасаған игі амалым бәрі бір күн
Тозақтан аман сақтар тағым болар

Тізерлеп иман Алла сұрағанмын
Өкініп талай іске жылағанмын
Халқым үшін тисе деп бір пайдасы
Жасымнан қара жырды қалағанмын

Бақ дәулетсіз өтсем де өкінбеймін
Атақ мәнсап Алладан өтінбеймін
Тек тілерім иман мен адал іске
Тіреу болар өлмейтін жыр тілеймін

Өлімді жеңген қос тағдыр
Бүгін міне таң атты бірақ қайдам
Бақытты ма бақтытсыз болар қайдан
Шырыл қағып жас сәби жылап жатыр
Вакумдағы тар бесік суық жайдан

Неге келді асықты неге сонша
Не бітірер жылайды неге мұнша
Әлде бәлкім жас жүрек сезді мекен
Өтетінін өмірдің қас қаққанша

Жаурады ма тек әлде жат болды ма
Жат болды ма құрсағы қат болды ма
Содан болар жас сәби дабыл қағып
Дамыл таппай анасын аңсады ма

Не де болса жас жүрек жылап жатыр
Бірде тоқтап бірде үнсіз соғып жатыр
Айналасы жап жарық болғанменен
Жарық берер бір жанды іздеп жатыр

Осы күйін сәбидің сезді ме екен
Сезді мекен тек әлде білді мекен
Тылсым күшпен анасы атып тұрды
Беріңдер деп баламды қайда кеткен

Жалт қарасып барлығы аң таң болды
Не болғанын түсінбей дел сал болды
Жаңа ғана жатқан жан хал үстінде
Еміреніп сәбиін қолына алды

Не болды,не өзгерді қалай болды
Беті қарап қалайша, қайтіп тұрды
Мазалап барлығында мың бір сұрақ
Таң қалғаннан еріксіз дел сал болды

Ана шіркін мейрімін төгіп жатты
Құшырланып сәбиі еміп жатты
Осы жайды көргенде барлық жандар
Құдіретке бастарын иіп жатты

Бұл дегенің махаббат сезім бекен
Әлде бәлкім құдірет жазмыш пекен
Не де болса қос тағдыр қарсы тұрып
Өлім деген тажалды жеңген екен

Өзім емес бәрінен сенен қорқам
Еркелеп құлын тайдай өскен қалқам
Өзім емес бәрінен сенен қорқам
Суығына өмірдің тоңар ма деп
Жібімей жүрегі мұз болар ма деп
*****
Тұман басқан қараңғы түнен қорқам
Жол таба алмай адасып қалар ма деп
Нұрын шашқан арайлы күнен қорқам
Арбауына мас болып қалар ма деп
*****
Көзін шалған қырмызы қыздан қорқам
Пәк сезімін жүректің ластар ма деп
Шыр айналған жаныңда достан қорқам
Қиын күнде жағаңнан ұстар ма деп
*****
Көз жеткізбес алдыңда шыңнан қорқам
Шыға алмай жарты жолда құлар ма деп
Бет қаратпас алдыңда оттан қорқам
Сүрініп қатты күйіп қалар ма деп
*****
Бәрінен мына өмірде сан құбылар
Қорқамын сен бақытсыз болар ма деп
Өйткені сен өзімнен артық санар
Бір туған бауырымсың жалғыз шынар

Амандығыңды Алладан тілеп өтем
Пейіштің кәсарындай ақ сүтің бар
Тәніме сарқылмайтын қуат берген
Альпінің тауларындай пейнетің бар
Санама таусылмайтын шабыт берген
*****
Жастықтың лапылдаған жалыны бар
Жаныма сөнбейтұғын жарық берген
Қаныңның қылыш мінез қайсары бар
Бойыма қайтпайтұғын қайрат берген
****
Жүректің терең ойлы сенімі бар
Арманға үзілмейтін үміт берген
Білімнің алғыр ойлы сарыны бар
Адымға адаспайтын бағыт берген
*****
Самайыңның ақ шалған қырауы бар
Қызығы мен тәттісін нәрін берген
Қабағыңның мұң шалған жанары бар
Ақ-қарасын өмірдің бәрін көрген
*****
Мына өмірде күн сайын дөңгелеген
Қарызымды қалайша өтерекем
Тек білерім анашым мәпелеген
Саулығыңды Алладан тілеп өтем

Жан досым
Жан дүниеңді айтқызбастан ұғынған
Бір сырласып көмек қолын ұсынған
Жан бар ма екен жүрегі қатар соғылған
Дархан жүрек,асыл құрбы жан достан
*****
Адал досым болмасаң егер өзімде
Тұңғиықтай қасқағым жердің жүзінде
Түзу жолын табар медім бүгінде
Әлде адасып жүрер медім тезінде
*****
Досым сенсіз шуақ шашып бір маған
Күнім күліп тұрар меді орнаған
Досым сенсіз жылу беріп көңілде
Шаттық бақыт орнар меді аңсаған
*****
Досым қане жүректі кір шалмасын
Көңіл сыры бір сәтке таусылмасын
Біз шықпаған өмірдің шыңы қалмай
Қатар соғып қос жүрек жазылмасын

Сенің арқаң асыл анам
Сенің арқаң сүтіңнен қуат алып
Күлімдеген күн көзін көргендігім
Сенің арқаң етіңнен мен жаралып
Адам болып жер басып жүргендігім
*****
Сеніңарқаңөмірдің сан соқпағын
Жеңіп тастап күн кешіп жүргендігім
Сенің арқаң жүзімнен нұр төгіліп
Шуақ шашып,жаурамай төзгендігім
*****
Cеніңарқаң алысқа тура қарап
Тура жолдан адаспай жүргендігім
Сенің арқаңойымды ашық айтып
Емін еркін өмірде күлгендігім
*****
Cеніңарқаң бетімнен самал есіп
Табиғатсұлулығын сүйгендігім
Сенің арқаң шарасыз жағдайларда
Қаным қайнап амалсыз күйгендігім
*****
Сенің арқаң ойымның тереңінен
Сөз маржанын ұқыптап тергендігім
Бәрінен сенің арқаң асыл анам
Бұл өмірдің бақытын сезгендігім

Асыл ана
Қайнар көзі тіршіліктің жаралған
Аяулы жан асыл ана өзіңнен
Ғаламның да бар жылуы таралған
Күлім қаққан жалғыз сенің көзіңнен

Даналықтың хәм кеніші дарыған
Аппақ кәусар мөлдір бұлақ сүтіңнен
Даралықтың нар сауыты жарыған
Қылыш мінез текті сақтар сертіңнен

Сықырлаған аяздарда тоңдырмас
Күн шуағым асыл ана жұмағым
Буырқанған борандарда алынбас
Тас қамалым қамқор ана тұрағым

Мың құбылар мезгілде де табылмас
Саялы орын жұмақ қақпа тұрағым
Сан оқылар тағлымда да табылмас
Ақыл кеніш су алмайтын бұлағым

Күннің өзі асыл ана шаша алмас
Жүрегіме жұмақ нұрын көзіңдей
Зәм-зәм су да құмарымды баса алмас
Майдай жұмсақ ботам деген сөзіңдей

Аяулы ана сен менің бағымсың ғой
Ұл-қызымды өзіңмен өрсем дейтін
Сыйынар да сен жалғыз тағымсың ғой
Жұмақты да өзіңмен көрсем дейтін

Бағынбастан қайран ана уақытқа
Гүлдей жайнап жүрсең екен жанымда
Баспалдақтай бастап мені бақытқа
Күлсең деймін шабыт сыйлап қанымда


Бауырың боп жанашыр жүрсем дедім
Жан бауырым бала күннен бір өскен
Ойда жоқта сен сүрінсең белестен
Алмас қылыш тілгеніндей кеудемді
Қан сорғалап кете берер неліктен

Тұман торлап алғанындай жүзімді
Алапат күш басқанындай кеудемді
Күйі билеп шарасыздық бойымды
Жас торлайды неге менің көзімді

Мен өзіңді еркелеп жүрсең деп ем
Бар бақытын өмірдің көрсең деп ем
Белестер мен жолдардан аман өтіп
Жеңіпаз боп әрқашан келсең деп ем

Адал досты жаныңа тапсаң деп ем
Асыл жарды кеудеңе құшсаң деп ем
Жолың болып теңіздей бұл өмірде
Өз орныңды өмірден алсаң деп ем

Амал нешік бұл өмір сан сынады
Суығын да ащысын аямады
Үміттеніп қаншама тырыссаңда
Ақталмастан сан үміт қол былғады

Содан болар не үшін жүрмін дедің
Барлығын да не үшін көрдім дедің
Ал мен болсам амалсыз сабыр айтып
Адалдықтың жолында жүрсең дедім

Кірбің алмай барлығын кешсең дедім
Қайырыңды баршамен бөлсең дедім
Барлық жанды бөлместен бауыр көріп
Халық үшін адал іс етсең дедім

Қиын күнде қорған боп жүрсем дедім
Бақытыңды әрқашан бөлсем дедім
Қалдырмастан тағдырдың талқысына
Бауырың боп жанашыр өтсем дедім

Құс ғұмыр
Көк жиектен күн көзі көтеріліп
Таң шапағын күлімдеп төккенінде
Самал желмен ағаштар тербетіліп
Әсем күйге сытырлап түскенінде
*****
Сүрлеу жолға қимастан қарап тұрдым
Еске алып артта қалған бал күндерді
Сол күндерді сенбестен санап көрдім
Түс секілді тым қысқа сол сәттерді
*****
Кеше ғана қарасам есік ашып
Жас сәби боп өмірге келген едім
Қара түнде ыңырсып ұйқы ашып
Ақ кәусарын анамның емген едім
*****
Жарқыраған төбеде күнді көріп
Шапағыннан жылулық алған едім
Әке-ана деп алғаш рет сөзді айтып
Қара жерде тәй-тәйлап жүрген едім
*****
Таң аттырып жайлауда кеш баттырып
Ойын қуып балалыққа тоймап едім
Адал доспен талайды бірге өткізіп
Махаббатты балалық жырлап едім
******
Соның бәрі бүгінде сағым болып
Басталды суденттік бол күндерім
Ауылдағы жылдарым арман болып
Темір жолмен жалғанды жас өмірім
*****
Қарап тұрсам бұл өмір жол екен-ау
Ойлы қырлы сан түрлі сын екен-ау
Ұшып өткен бір құстың қанатындай
Көрген түстей бір ғұмыр жыл екен -ау

Дүние де байлығың кір екен-ау
Қызметің де мәнсабың сын екен-ау
Адал еңбек ақ ниет күні ертең
Қалатұғын артыңнан сый екен-ау


Алла деп сабырменен бас ұрайын
Шаршатты қату қабақ нұрсыз кеуде
Келеді тастап кеткім шартсыз кейде
Мәнсабын байлығында мен қайтейін
Жатбауыр мұз боп қатқан, әрсіз биде
*****
Нәпсінің достық деген ойынындай
Соғатын пайда болса құйынындай
Сүрініп кемшілікпен қалсаң егер
Шіріген еш қажетсіз қайыңындай
****
Бақ дәулет пенделердің жұлдызындай
Ата-ана туған бауыр құндызындай
Сол үшін сан өткізіп, мың сұмдықты
Аялап қиа алмайтын қор қызындай
****
Бұл үшін мен несіне жасынайын
Өкпенің теңізіне басылайын
Өмірдің түбі өлім екендігін
Сабырмен көңілімде сақтанайын
****
Құтылмас ешбір пенде бір өлімнен
Ахірет Жаратқанның тар көрінен
Сондықтан әр минуты мүмкідік деп
Иманмен сабақ алдым әр ісімнен
****
Адал іс, таза жүрек мұра болар
Бақ-мәнсап, дүние-байлық шала қалар
Өткен күн көрген түстей зырлап өтіп
Қимастық сезім болып жадта қалар
****
Аптығып мен несіне асығайын
Нәпсі деп неге сонша тасынайын
Иманға сауап үшін көңіл қойып
Алла деп сабырменен бас ұрайын

Білмеймін ертең боларын қандай күнімнің
Білмеймін ертең боларын қандай күнімнің
Дүрсілдеп жүрек, тынышы кетті түнімнің
Өлімнен тіпті қорықпас адам дәл бұлай
Тынысы шығып тұрсада соңғы үнімнің
*****
Санаулы күндер жылдарға татып тосылып
Өтпеді уақыт, сарылды көңіл басылып
Түс көріп санам,белгісіз жерде жүргендей
Жыйылар емес, сан жаққа ойым шашылып
******
Зауқымда соқпай, беймаза күйге басылып
Әлсіреп барам , қалмады қуат таусылып
Бойыма жігер, жүрекке шабыт сыйларлық
Белгісіз нұрды аңсайды жүрек тасынып
*****
Шаршаймын кейде бір күнін ойлар жандардан
Ешкімге сенбес, тек өзін ойлар паңдардан
Қаласа шалып, пайданы іздеп тұратын
Өзімшіл надан, екі жүзді достардан
*****
Кешіріп кейде, көруге сені сағынсып
Жақсылық жасар, ісіңнен әркез ұғынсып
Тұратын жанды әлсізге балап менсінбей
Үстемдік етер жандардан қорқам басынсып
*****
Жабырқап көңіл, жалғыздық күйін шерткенде
Достарды іздеп жасырмай сырды ерткенде
Түсінген бір сәт жан болмады үңіліп
Бөліспек түгіл, ұшқынын болсын төккенде



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Өткен күнде өмір бар ( топтама өлеңдер)

  • 0
  • 2

Көне сүрлеу
Таныс сыр
Ыстық мекен
Құшағыңды ащсаңшы қастық етпен

Толық

Өмір деген.

  • 0
  • 1

Бұл өмір киноның сериялы секілді
Жалғасқан, бітері қай жерден белгісіз
Төрінде актерлар қияли өкілді
Көшіріп сомдайтын өмірден негізсіз

Толық

Қарап көріңіз