Өлең, жыр, ақындар

Өткен күнде өмір бар ( топтама өлеңдер)

Менде бәлкім күресіп сүрінейін
Артта қалып, жеңіссіз көрінейін
Бірақ оған бір сәтке өкінбеймін
Тұрам қайта, ұмтылам төрге дейін

Қайталаман ешкімді жолым жалғыз
Бөгет жасап бақса да жолыққан сыз
Өр қырандай биікке самғай берем
Тоқтамаспын, ерінбен орын тақсыз

Мені қарғам бірақта жалғыз деме
Сырласқанда жанымды сар күз көрме
Байлығы да мәнсабы тақ болмайды
Адам дейтін, ұлы атсыз тексіз жерде

Жаратқан соң бір Алла адам етіп
Түрлі сынақ күтпекті алда бекіп
Күресумен, төзумен бір өтермін
Серік болып қағазға қалам шертім

Досың дағы сатқыннан қажет емес
Қиын жолда тастайды қалып елес
Бір тумағың өмірде болғаменен
Ақтық жолда болмайды қатар күрес

Жыр дегенің жанымның көрігі ғой
Қиын жолда көмекші серігі ғой
Ол болмаса қайтер ем жалғыздықтан
Іш құса боп өлермем теріліп ой

Адамдарды өмірге қонақ дейді
Жақын тартса жанымды ұқпақ дейді
Бірақ соны ұққан жан көргенім жоқ
Жүрек дейтін осынау жұмбақ күйді
Қонақпын деп өмірге өкінбеймін
Қиын жолда қорқам деп шегінбеймін
Бұзып-жарып тайсалмай өте берем
Қанша алыс болса да төрімде-әй күн

Тоғыстырса бұл тағдыр сезімдерді
Сақтап тұрар, қорғайтын төзім берді
Сабырменен Инш Алла көзім барда
Адаспаспын, жеңермін кезеңдерді

Айнымаймын әрқашан адал қалам
Намысымды таптатпан, қамал болам
Күндемеймін ешкімнен тартынбаймын
Таза болам, күресем Адам болам

22.12.16

Сағындым.....
Балалық
Балғын дәурен
Бал сәттердің
Бейкүнә періштедей пәк беттерін
Өткізген өмірімнің өзегіндей
Қиялмас куәгерім, кезеңімдей
Төсіңді жас баладай кезсем деумен
Қыр гүлін құшарлана терсем деумен
Сәтімді сенде өткен еске алып
Арманын жүрегімде жасқа малып
Сағындым туған жерім, тал көктемім

Мөп-мөлдір
Жанға шипа
Тән құмарым
Кір шалмас, қарлы мекен, бақ тұрағым
Бір ішсем аңсай берер ғашық етіп
Бойымды тұнық сырмен ашып өтіп
Толқыны бұлбұлдайын сыңғырлаған
Арнасы жанарымда бұлдырлаған
Шипасы ақ сүттейін қуат берген
Шымырлап өн бойыма шуақ керген
Сағындым туған жердің тау бұлағын

Қобыз үн
Қоңыр салқын
Аңсағаным
Іздесем жусан иіс тамсанарым
Аялап ақ жүзімді өпсе ғой деп
Ынтығын жүрегімнің сезсе ғой деп
Періште ең аяулы сезімменен
Тербеген жүрегімді төзімменеен
Жылдарды, минуттарды өткізе алмай
Лүпілін жүрегімнің жеткізе алмай
Сағындым туған жердің таң самалын

Бақытым
Асыл арман
Құрақтайын
Жаныма ләззат сыйлар тұрақ дайын
Өзіңдей талай төрді көрсемдағы
Ықыласын жүрегімде өрсемдағы
Қаншалық мейлі үйім лашық болсын
Алтынсыз, жақұттардан қашық тұрсын
Баладай жылу іздеп келе берем
Көз жасын жүрегімнің тере берем
Сағынған туған үйді жұмақтайын

Асқақтап
Сан өзгеріп
Қыр асатын
Көркіне талай елдер таласатын
Қаладай мына бөтен жер бетінде
Үкілеп үміт сыйлар келбетіме
Аядай жалғыз орын тар болмайтын
Бойласам жүрегімде қар толмайтын
Пейіштей пәк көңілім жайланатын
Намысым жалын оттай сайланатын
Бір қуыс мекен бар ма санасатын

Асығып
Қаладым ба
Жеттім бе екен
Жемісін жүрегімнің ектім бе екен
Айтсаңшы мына мені не күтеді
Сабылтып, сағындырып не кетеді
Қаңбақтай дәл осылай жүремін бе
Қонумен ұшарыма көнемін бе
Желменен әлде бүгін сайды кезіп
Ұмтылып адасумен жарды кезіп
Сандалып бар бақыттан кеттім бе екен

Аңсадым
Сағындым ғой
Ұмтыламын
Жаныма серік болып жыр қаламым
Іздесем сол мекенді табамын ба
Қайнардай қуат сыйлар талабыма
Қамалып әлде бәлкім қаламын ба
Зындандай мынау қала қамалында
Шаршадым, төзе алмаспын енді былай
Қалықтап ұшшы енді көкті зулай
Жол бастап ауыл жаққа үн қыраным

Іздеумен
Тауып алып
Көрейінші
Құнарын туған жердің терейінші
Кәусардай айна бұлақ суын ішіп
Баладай қуаныштың күйін кешіп
Арайлы қоңыр салқын таңын көріп
Самалмен сағыныштың әнін өріп
Аяулы аңсап жүрген анашымды
Еркелер бауырымдай дара шыңды
Құшақтап қайта-қайта өбейінші

Қандасыма.
Кейде осы жалықтырып қу тірлік
Сұр жыландай арбайды кеп бір күдік
Құлап жүріп, үміттеніп баянсыз
Сыр құшатын ғұмырым-ай бір күндік

Жалықтырды мына күннің өктемі
Көктем болып, қыс сыйлайтын өткелі
Жылы күннің нұр шуағын бір сеуіп
Қар аралас бұршақ жаңбыр өпкені

Жалықтырды мына күнің беттері
Сүйе тұрып, теріс қарап өткені
Берген серті, адал ісі шет қалып
Өзге жанға жылағаны, өпкені

Жалықтырды бұл адамның өрнегі
Күліп тұрып, қалың жауға бергені
Айнымайтын адал досым едің деп
Танымастай жұмыр басты кергені

Жалықтырды бұл достарым төрдегі
Баба рухын менсінбейтін көрдегі
Шашатұғын піскен тары жер болса
Аш тауықтай мың құбыла тергені

Жалықтырды бұл қазақтың бектігі
Көрседағы талай сұмдық тепкіні
Көрмегендей теріс қарап бұрылып
Сұр жыланға балағаны тектіні

Жалықтырды бұл заманның өткелі
Нарық деумен тексіз дүние еккені
Тілін, дінін, туған жері, отбасын
Қырын қарап, терең құзға тепкені


Жалықтырды бұл елімнің өш-кегі
Өз қазағын, менсінбеуі өшкені
Сан жыландар айласынан бақ тауып
Ұлттық рухын жеп көруге көшкені

Жалықтырды бұл жерімді бөлгені
Руын сұрап , тұтастықты көмгені
Бөрі қанша бөлінгеннен жесе де
Сабақ алып, қандасым деп өлмеуі

Бәрінен де жалықтырды қазақтың
Өзін қорлап, құл болғаны мазақтың
Алла берген тәуелсіздік бір бақты
Айналдырып сыны қылған тозақтың

Осы байлық келіппе еді тегінге
Талай боздақ өлген жоқ па тегін де
Тозақ сынмен күресумен дәл бүгін
Күнің шығып, қыран ұшқан көгіңде

Айтшы елім дәл осылай сен қашан
Бейбіт болдың бақыт сырын аңдасаң
Қала салып, шекараңды бағамдап
Шырқатып ең мінбелерден ән қашан

Айтсын жұрттар, көрсін елдер дәл бүгін
Қазақ деген ұлы елдің әл жүгін
Бекем болсақ уа-ағайын бір күшке
Жарқын болар, болашағың ел үнің

Қазақстан жалғыз Отан бір бесік
Басшың жалғыз ақыл бергің бірлесіп
Тартқанменен талапайлап жан жаққа
Зардап шегер халық деген өр есік

Адал іспен ғылым білші ерінбей
Туған жерің болсын жарың, төріңдей
Мемлекет те үлкен сенің отбасың
Бейбіт күнің тұрсын десең көгіңд-ей

Өзің баста, сілтей көрме өзгеге
Әрбір тауар шықсын, қазақ әз төрде
Кәсіпкерің, өз затыңды қолдай біл
Сатып ал да мақтан тұтқың әр кезде

Импорт тауар кеткен ақша өзге елге
Толықтырар ұлттық тауар әр кезде
Ашылмаған аурхана, бақпенен
Жалақының бір мөлшері көзделген

Қазағым-ау қайран елім қандасым
Мәңгілік ел бейбіт күнің орнасын
Тек өтінем жүрегіңді суытпай
Ұлтым деген адал сезім орнасын

Бұл ғаламда қазағыма дос бар ма
Қатар күрес, түпкі ойды қостарға
Ұлан ғайыр ырзығыма алартып
Сақтап келед зұлмат ойын астарда

Айдахар да, аюың да, батыс та
Түсіп жатыр жылан оймен тартысқа
Санкция салып, кірін жағып, құлатып
Жетсек дейді олар шіркін ұтысқа

Біреулердің адамы бар төрі жоқ
Ғылымы бар үстелінде жері жоқ
Құзғындардай жемтік тапса қаңғырып
Елім дейтін еміренген ері жоқ

Біреулердің ғылымы бар, төрі бар
Адамы бар үстелінде жері бар
Бірақ әттең еңбек етпей тақ іздеп
Соғыс құмар, жалын атқан зәрі бар

Осыдан ғой қазағым-ау қандасым
Бірлік пенен өр ғылымды таңдарсың
Жалғыз Аллам өздеріңе жар болып
Мәңгі сапар бейбіт күнді оңдасын


Із.....
Ақ жаулық киген ананы көрсем
апатай сізді еске алам
Жабырқап көңіл, боталы еңсем
іздеумен сізді пәс қалар

Көшесі, үйі, талы да тасы
қарты да тіпті, анасы
Бәрі де маған хабары тасып
жылатып кетті баланы

Оянбай біраз, ұйқыға кеткен
періште жүрек іңгалай
Сандалып кезіп, құйынға өткен
қарайлай берді, бұл қалай

Табамын қайдан, іздеймін енді
жырақ па қайда, жетем бе
Сапарым қайда, көздейтін мәнді
айтсаңшы жүрек білем бе

Есеймей қойды-ау көңілдің өзі
уақытпен мына зырлаған
Тоқтауы қайда, өмірдің өзі
ұшырар қайда, арбаған

Біледі кімдер, сезеді оны
жеткізер қайтіп, бір тылсым
Ұғамын қалай межелі күйді
Баянда қане сыр қалсын

Уақыттың өзі төрелік етсе
өтеуі енді қаншалық
Сұраймын жалғыз жол серік етпе
тұрлаусыз жалған мұң қарық

Кемеңе міндім, татармын енді
шырының болса әкелгің
Тартынба бірақ, бататын күнді
алыстат маған, төселгің

Онсызда менің уымда жетет
енші боп қалған еңсемде
Тулатпай бір сәт, бағыңда етек
Жая көр кәне, теңселме

Жырласын жүрек, билесін кеуде
әттеңі қалмай тойласын
Сезініп жүрек иесін кейде
сезімнен тауып бойласын

Не қалар мәнсіз адамнан басқа
өткінші өмір өткінші
Ғылымның бәрі жалғаннан басқа
мекенге бермес еш енші

Көрейін менде татайын нәрін
кезегім бітсе өтермін
Соңымнан ізім аңсайтын әнін
халқымды тастап кетермін

Әжем де, атам, бабамда кеткен
көпір боп жалғар сол бір жол
Кімдерді мынау, арманда өткен
қалдырды дейсің, тағдыр сол

Дүние мынау өзгерді дейміз
адамдар әбден бұзылды
Арманда кешкен кездерді күйсіз
еске алсам күрмеу жазылды

Заманда қашан адамға жайлы
нәпсіге тыю болған ба
Тыныштық орнап, қоғамда күйлі
бақытқа көңіл толған ба

Жер беті түгел, өмір де мынау
адамға берген жалғыз сын
Жаратқан ием төрінде сонау
төрелік етер күндіз түн

Білгенмен бәрін, сенбейтін бірақ
кешетін өмір бүгінмен
Адамның заңы бітпейтін сұрақ
сүзілмес майы күніңнен

Не істемек керек, айтсаңшы енді
таңдамақ мына қай жолды
Базардан мынау қайтқанша мәнді
еншісі қабір жай толды

Алдаумен, көніп жүретін өзін
пенделік шолақ бұл ғұмыр
Тұмандап торлап, көретін көзін
тастар ма құзға бұлұңғыр

Қараумен үнсіз, қалашық қабір
тыншыған жұмбақ мекенге
Сүртемін жасын балалық сол бір
періштем жырақ кеткенге

Тізілген мынау төбелер қатар
жасырды екен қандай сыр
Түбінде бір күн өртенер, жанар
Тозақтан қалса таңдай жыр

Шетінде анау, күмбезі алтын
қабірге көзім түскенде
Айналып әлем жер жүзі қалпын
Өзгертіп, күйге түскен бе

Күмбездің асты ойылған шұңқыр
көрінді көзге бірдеңе
Құмырсқа, тышқан қаздырып үңгір
жасапты тұғыр көрден де

Біреуі кіріп, ғұжынап шығып
тасиды келіп бірдеңе
Үнсіз мен қарап, бағынып, ұғып
тұрғандай болдым көрден де

Шымырлап денем, жас алып көзім
жан кеткен жандай тұрдым да
Сырына мынау тұсалып сөзім
деппін-ау құдай ұрдың ба

Ием-ау жалғыз сыйың ба осы
азабы көрдің бұлыңғыр
Көзімнің шіркін құйынша жасы
берер ме ырық, ұғындыр

Күнәсі қандай, пенденің мынау
қинайсың неге шіркін бір
Ырыққа мүлде көнбейтін сонау
өткенде болса төркін сыр

Жаңадан бүгін қазылып жатқан
қабірің шіркін, не үшін
Өмірдің мынау бақылап ұққан
жоқ шығар әлі мән, күшін

Бап-балғын дене көмілсе қабір
ішіне аса тым суық
Не болар жайы өрілсе сол бір
кәлима сыры қым-қуыт

Адамның тілін балаша үнді
жеткізіп әлі көрмеген
Жас сәби шіркін қалайша енді
бөлісер ойын кернеген

Қорқатын болар қабірден нұрсыз
мақсаты қандай болды екен
Есімнен танып, қазірден жырсыз
барлаймын көне жолды кең

Осында менің атам да әжем
мәңгілік тапқан бір бесік
Қарасам соған батам да кетем
сезімнен іштей жыр есіп

Құндақ пен қабір жалғанар нәрі
Сапар ма шіркін тақтай бір
Құдай-ау енді не болар бәрі
сақтай гөр өзің, сақтай гөр

25.01.17 Арқалық



Пікірлер (2)

Модератор

Барлығын бөлек-бөлек енгізген дұрыс болар.

Дәурен

Ілмектеріңіз қате, сайысқа қатысты деп есептелмейсіз. Іріктеу кезінде өлеңдеріңіз көрінбеген ғой

Пікір қалдырыңыз

Бекішова Сандуғаш

  • 0
  • 1

Күндегідей таңым атып, пенде оймен
Аяң басып келе жатқам мен жаймен
Кенет бір сәт, көк аспанның жанары
Жалын атып, құлдилады көк саймен

Толық

Өмір деген.

  • 0
  • 1

Бұл өмір киноның сериялы секілді
Жалғасқан, бітері қай жерден белгісіз
Төрінде актерлар қияли өкілді
Көшіріп сомдайтын өмірден негізсіз

Толық

Қарап көріңіз