Бұл бетте «Досыма» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болса кімнің досы көп,
Көңілінің қошы көп.
Айта аламыз кімдерді
Нағыз осы досы деп?
Досын дәйім мақтаса,
Дос сенімін ақтаса,
Достық адал көңілін
Өмір бойы сақтаса.
Мөлдіреген сезімсің,
Сондай досым өзіңсің.
Сендей адал досыммен,
Бақыттымын осы мен.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі