Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан – бір отан

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1865
Кей басшылар бөседі,
Бөскенде не деседі?
Өздерінше бағалар
Жеңістерді кешегі:
«Жарасымды сәніміз,
Қазақстандықтармыз бәріміз.
Жүз отыз ұлттан құралып,
Бір шырқалған әніміз.
Бір шаңырақ астында
Бола білдік бас тұлға.
Таба білдік тілдерін
Кәрінің де, жастың да.
Қазақстан – бір Отан,
Ортақ Отан, нұр Отан.
Жүз отыз ұлт жиылып,
Бола білдік бір адам.
Орыс, қазақ, немісі...
Ешқандай жоқ кемісі.
Бәрімізге бір келген
Тәуелсіздік жеңісі».
Иә, солай болсын-ақ,
Ортақ ұлтқа толсын-ақ.
Турасына келгенде,
Туады бір жөн сұрақ:
Көз тіккен бай қонысқа,
Осы күнгі орыс па?
Кім қазаққа болысқан
Қалмақпенен соғыста?
Қазақ қана ұрынды,
Қазақ қана қырылды.
Қазақ солай қорғаған
Мына жерді бүгінгі.
Әлде, анау қытай ма?
Қазақ оған ұнай ма?
Қорғап қалған өз жерін,
Сыйынып бір Құдайға.
Батыр халық десең де,
Әлде ұңғыш, шешен бе?
Қазақ өзін қорғаған,
Жалтақтамай еш елге.
Қарашай ма, бұлғыр ма?
Әлде, мына ұйғыр ма?
Желтоқсанда шет қалса,
Кім сенеді құрғырға?
Жүз отыз ұлт жоталы
Болмас түйе боталы.
Әрқайсының өзінің
Бар емес пе Отаны?
Бізге жұмбақ астары?
Әркімнің өз бас қамы.
Қазақ үшін олардың
Ауыра ма бастары?
Әрқашан ақ баталы,
Ардақтайық атаны.
Қазақ жері – ежелден
Тек қазақтың Отаны.
Ерлер шығып елімнен,
Талай қандар төгілген.
Тәуелсіздік біздерге
Келген емес тегіннен.
Мұсылмандық дініміз –
Иманымыз, нұрымыз.
Дінімізден айрылсақ,
Не болады күніміз?
Өшпейтұғын үніміз,
Сөнбейтұғын күніміз.
Тәуелсіздік тірегі –
Асыл ана тіліміз.
Бірімізді біріміз
Түсінісер тіліміз.
Тілімізді жоғалтсақ,
Не болады күніміз?
«Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп, жең болмас».
Қазақтың тілін білмеген,
Қазақпен мүлде тең болмас.
Азамат неге толғанбас?
Қорлықтан қалай қорғанбас?
Елі мен туған жері үшін
Еңіреп тумай ер болмас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баюдың жолы мың тарам

  • 0
  • 0

«Адам бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы...», –
Деп Абай айтпаған-ау ашық бекер,
Кей адам тірідей-ақ сасып кетер.

Толық

Оташы

  • 0
  • 0

Тікен кіріп табанға,
Тез іріңдей бастады.
Тыным бермей адамға,
Түні бойы қақсады.

Толық

Ата мен әжеме

  • 0
  • 1

Атамыз бар – дедушка,
Әжеміз бар – бабушка.
Немере деп қарайды,
Шашымызды тарайды.

Толық

Қарап көріңіз