Жазушылар үйіне

Бұл бетте «Жазушылар үйіне» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сыйыса алмай өз ойыммен өз кеудеме сыя алмай,
Шалынысып шаршап талып, жеттім саған қияннан.
Ақ батаңды беріп маған қасиетті ақ орда,
Алатаудың асқарына ұшыр демеп ұяңнан.
Алып келді өлең дерті өзегімді өртеген,
Кештеу шығып өзгелерден, жеттім бе әлде ерте мен.
Бақытымды басымдағы құрбан етіп жолыңа,
Бақытты да, қайғыны да іздеп келдім мен сенен.
Мен даланың ұланы едім, екі сөйлеп көрмеген,
Мен даланың қыраны едім, кере қанат сермеген.
Мен даланың бұлағы едім, күміс күлкі тербеген,
Мен даланың құланы едім, құба белде шөлдеген,
Мен даланың пырағы едім, шешілмеген кермеден,
Ақ батаңды берші маған, әлі ешкімге бермеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазушылар үйіне өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жазушылар үйіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазушылар үйіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазушылар үйіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері