Бәйге – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бәйге» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Егіліп келем, көзімнің жасы төгіліп,
Тебініп келем, ақ боран шаңға көміліп.
Япырым-ау, неге ұшпайды құс боп жығылғыр,
Жазылып бауыры, қолтығы бырт-бырт сөгіліп.
Тақтым-ау саған күмістен құйып құйысқан,
Тарттым-ау тартпа бұзау тіс етіп өргізіп.
Тал-тал қып тарап жалынды дода ұйысқан,
Үш рет күнде мейізден жемді жегізіп.
Құлагер сынды болсын дей тұрқың сүйегін,
Таң атпай жатып сіміртіп сүтін биенің.
Шашаңа шаң да жұқтырмаушы едім, не болды,
Не болды саған, қанатым менің, киелім!
Қанатым менің, жарысар құйын желменен,
Секіріп жүрер күндерің қайда кермеден?
Шаң жұтып қалдым, қатарлас шапқан өңгеден,
Қорлығым болды-ау тірлікте мына көрмеген.
Кетті ғой алға күрең мен жирен сағым боп,
Жетті ғой торы, ала аяқ қара шағын топ.
Атам да тұр-ау тәспісін салып мойнына,
Қартайған көңілі, ортайған көңілі жарым боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйге өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Бәйге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері