Көшелі кісі – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Көшелі кісі» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2991
Көмескі тартып кеткендей сірә,
Көшелі кісі – бұрынғы ұғым,
Көшпелі дәурен сынығы асыл,
Есінде жоқ-ау бүгінгі ұлдың!
Көшелі дейтін, келіскен жанды,
Ақыл, ой, ниет, қалпына қарап,
Байсалды, дарқан, кеңпейіл еді,
Алдымен айтар халқына мадақ.
Сарабдал сана, таразы иман,
Шертетін сырды, танымға лайық,
Көшелі жанмен кездескен сайын,
Қаласың өсіп, жаның да байып.
Өктемдік етіп, өкпеден өтіп,
Өзгеріс желі жетті ме есіп,
Кешегі күнмен көшелі жандар
Келмеске мәңгі кетті ме көшіп!?
Кешегі кісі күрсініп өткен,
Елінің кеткен есесін ойлап,
Бүгінгі кісі көшеге шықты,
Алатын ертең көшесін ойлап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көшелі кісі өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Көшелі кісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көшелі кісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көшелі кісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері