Хақымыз бар
Бұл бетте «Хақымыз бар» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенің маған өкпелеуге хақың бар,
Менің саған өкпелеуге хақым бар,
Сенің мені кешіруге хақың бар,
Менің сені кешіруге хақым бар!
Өкпелесең, өкпелеші аямай,
Тоқта бірақ, жар шетіне таямай,
Өзің білші, кешірсең де, кессең де,
Хақың бар ғой, ардақтауға аялай!
Өкпелеттің, қарамадың көңілге,
Көрместей боп кетіп едім өмірде,
Кешіруге хақым бар ғой, кешірдім,
Қимайды екем, мен де сені өлімге!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі