Таң бұлбұлы – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Таң бұлбұлы» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаралдың ба
Арман үшін,
Таң алдыңда
Самғау үшін,
Жан-жүректі
Елжіретіп,
Барады ерітіп,
Бал дауысың,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!

Кең даланың
Сәнімісің,
Ел-ананың
Бағымысың,
Аялаған
Сәнімісің,
Тамылжытып
Таулар ішін,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!

Туған жердің
Гүл-бағында,
Қырларында,
Шыңдарында,
Жасыл орман
Науларында,
Қалықтасын
Бал дауысың,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң бұлбұлы өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Таң бұлбұлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң бұлбұлы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң бұлбұлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері