Не жазам! – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Не жазам!» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1046
"Не жазып жүрсің?" — деп сұрайды кезігіп қалған кейбір дос-жаран.

Не туралы жазбақпын? —
Баянсызын айтсам ба әлде басымдағы аз бақтың,
кімнің ғана қам көңілін көншітіп,
кімнің отын маздаттым?
Не жазамын шынында? —
Жұрт ұқпаған
жыртық табан мұңым ба,
ырысым ба — ындыны бір қанбаған,
босқа тозған қылышым ба қынында?!
Не туралы жазайын? —
Кімге дәрі өксігі мол,
өкініші аз айың,
қай досымның көсегесін көгертіп,
қай дұшпанның тартқыза алдым сазайын?!
Не жазар ең өзің де? —
Қайырымы аз халқыңа айтқан сөзің бе,
сүмелегі сорды қанша миыңды,
соның бәрін кім еледі кезінде?!
Не жазайын лезде? —
Тойдым әбден ойлы қанден мінезге,
ергендерді жазайын ба есерге,
ерді жығып бергендерді бір езге?!
Кімге керек жылағаның, күлгенің,
сенің тірі жүргенің? —
Кімге керек, кімге керек? — дедім де,
не туралы жазарымды білмедім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не жазам! өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Не жазам! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не жазам! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не жазам! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері