Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін
қылықты қыздың бірі едің.
өзіңді жұрттан тым артық көріп,
түрлене түлеп жүр едің.
Артық бір аяқ баспайтын едің,
менсінбей мынау жалғанды.
Қасыңмен қағып тастайтын едің
қасыңа жақын барғанды.
Күйреді қанша балапан тағдыр,
үзілді, дүние-ай, қанша үміт.
Үлбірей өскен алақандағы ұл
табанда жатты-ау жаншылып.
Алдап та қашып, әурелей беріп,
Үздің үмітті ұмытпай
Ақ қарға түскен сәуледей болып
Жымиғаның да жылытпай.
Ауыспай бізге кезіндегі бақ,
қалыппыз ауа қармап шын.
Қайтейін, қалқам, өзің де, бірақ
бақытты бола алмапсың!..

1967 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері