Болды ма маңдайымның соры қалың – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Болды ма маңдайымның соры қалың» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 812
Болды ма маңдайымның соры қалың,
апыр-ау, сонша неге торығамын?
Осы ма айдарымнан жел ескені,
ар-ұят емес пе еді қорығаным!
Жырындай түсінікті ем жас-кәрінің,
жоқ еді кісіліктен басқа мінім,
Кеудеме қайдан келіп зар тығылған,
қалайша алты қырдан аспады үнім!
Туғалы тазалықты армандағам,
көңілім, осы ма елден алған бағаң,—
Сырылып ұят байғұс шеткеріге,
шынымен кеткені ме ардан да мән!
Дерліктей тыңдар қалам.
тыңдар далам,
дуалы ауызда да құн қалмаған.
Билік тек бейшараға тиді бүгін,
жүйрік көп
жүзден озып...
жүлде алмаған.
Түрткілеп тұмсығымен шетке мені,
бір доңыз мұратына жеткен еді.
Кешегі Кейқуаттар сияқты ұлға,
ардың да,
ұяттың да жоқ керегі!
Жақсылық өз басынан артылмаған,
жүр біреу жалған күліп,
жарқылдаған.
Осындай ойларым көп,
өкпелемек
не жасай қоймадың деп халқым маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болды ма маңдайымның соры қалың өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Болды ма маңдайымның соры қалың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болды ма маңдайымның соры қалың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болды ма маңдайымның соры қалың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері