Міңгірлеп жаңа ғана біткендей тіл – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Міңгірлеп жаңа ғана біткендей тіл» атты Сәкен Иманасов жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 709
Міңгірлеп жаңа ғана біткендей тіл,
қайтерсің, біздің қолдан түк келмей тұр.
Таусылып амалымыз қала бердік,
кетті де заманыңыз тіптен бейпіл.
Дертіне дерт қосылған шерлі далам,
шүкір де,
осыған да келдің аман.
Ұрандас ұлды көріп, —
жүрдік еріп,
апыр-ау, не қыл дейсің енді маған!
Бұл күнде ұрысы кім, дұрысы кім,
бара алмай байыбына бір ісінің,
болар деп жазда қандай, қыста қандай,
отырам ұстай алмай жыр ұшығын.
Кеткенін қасиетінің құнсызданып сезбеген,
біз болдық-ау мұңсыз халық.
Қатыны қара жолда қап арқалап,
әкімі ат үстінде тұр сызданып.
Басылып басы қатты бұрынғы арын,
ұмытқам үнім барын, тілім барын, —
ауыл — аш, қала — кедей, балаң өгей,
кімге айтам, саған емей, мұның бәрін!
Дәрмені, пәрмені де біткен ердей,
боласың мұның бірін күтпегендей,
...Күткенде, күтпегенде не істе дейсің,
отырмыз қолымыздан түк те келмей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Міңгірлеп жаңа ғана біткендей тіл өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Міңгірлеп жаңа ғана біткендей тіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Міңгірлеп жаңа ғана біткендей тіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Міңгірлеп жаңа ғана біткендей тіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері