Көсіліп те кете алмай – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көсіліп те кете алмай» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 871
Көсіліп те кете алмай,
шешіліп те,
бағындырып қойған соң не шірікке,
жұрт тынышта,
су тимей,—
жүнім түсіп,
күнім түсіп,
қор болды-ау есірікке!
Кемеңгерім қайда деп,
кемел ұлым,
қажи берем қарадай неге бүгін?
Желбаулары жібектен желкендердің,
ертеңгі елдің ендігі сенері кім?!..
Қатуланып,
қаһарын жау тіккенде,
жетеді ғой бір күні дау түпкі елге,
Немереміз өзгеден кем бола ма,
жем бола ма жаман мен жәутіктерге!
Көкіректе көп өксіп қаншама әнім,
көрінгенге емексіп, шаршағамын!
Жаға біл де,
жүре бер,
жаман ұлға,
амалың не,
жетпесе баршаға әлің!
Елім дейтін еңіреп есіл ерім,
етігіңмен лай су кешіп едің!
Дәрменім аз,
дәмем көп, не қылайын,
қолдан келген жәрдемім осы менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көсіліп те кете алмай өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көсіліп те кете алмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көсіліп те кете алмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көсіліп те кете алмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері