Тамсантып түгел таңдайда еріген – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тамсантып түгел таңдайда еріген» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 522
Тамсантып түгел таңдайда еріген,
қандай әдемі, қандай керім ең.
Қандай берік ең, —
қасымда жүріп,
қапы қалдырдың —
алдай беріп ем!...
Жаным да бірге жандай көріп ем,
қандай төзімді, қандай берік ең,
жалғай келіп ем үмітімді үзік,
күні-түн қызып,...
қанбай келіп ем,
Қандай әдемі, қандай көрікті ең,
арамыз сонша шалғай неліктен,
алдай келіп пе ең, апыр-ай, мені
алынбас өшің бардай
кеміткен!
Алдыра қойсын арман қай елін!
Үріп ауызға салғандай едің,
тірі бауыздап өттің де бүгін,
кеттің бе, күнім?
Қандай бала едің!
...Армандай едің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамсантып түгел таңдайда еріген өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тамсантып түгел таңдайда еріген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамсантып түгел таңдайда еріген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамсантып түгел таңдайда еріген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері