Біреуіне исіндім – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Біреуіне исіндім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 602
Біреуіне исіндім,
біреуіне исінбей,
біреуіне сүйсіндім,
біреуіне сүйсінбей,
біреулерін жақтырдым,
біреулерін жақтырмай,
бірін бәйек қақтырдым,
біріне сын тақтырмай.
Бірін құрмет тұттым да,
бірін құрмет тұтпадым,
біреулерін ұқтым да,
енді бірін ұқпадым.
Арамзадан ұтылдым,
адалынан ұтылмай,
саналыдан құтылдым,
жағалыдан құтылмай.
Өңім бе жоқ — түсім бе,
ендігісін кім білген,
осындай ел ішінде
өмір сүріп жүрмін мен!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біреуіне исіндім өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Біреуіне исіндім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біреуіне исіндім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біреуіне исіндім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері