Екі көз, екі дүние – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Екі көз, екі дүние» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 740
Жер аласа, аспан төсі тым биік,
Биіктегі жұлдыз-гүлдер әдемі.
Бірі жарық, бірі түпсіз тұңғиық,
Екі көзім – екі дүние әдемі...
Түнеремін... бір сөз естіп біреуден,
Таңым атса, кешімді сол кешіріп.
Бір көзім тұр, жарықтағы жіберген,
Қара – жерде, қателігімді өшіріп.
Тіл қатқандай әрбір төбе, әр қырат,
Маңдайымнан жібек самал сүйіп бір.
Сол көзімнен бұл дүние жарқырап,
Оң көзімнен ол дүние ұйып тұр...
Жырдан соқтым жан-жүректің күмбезін,
Ертеңімнің ертегідей әр таңы.
Жұлдыздарға ғашық болса бір көзім,
Бір көзімді жер құшағы тартады...
Ұшып келем, екі дүние ізімен,
Бұрылар жол, тығылатын қалқам жоқ.
Түн жамылған қылыш-айдың жүзінен –
Шұғылалы қорғайды Күн қалқан боп.
Бір дүниені біліп,
бірін білмедім,
Ішінде өмір сүргендеймін түрменің/
Дірілдесе бір көзімнен түн менің,
Бір көзімнен күлімдейді Күн менің.
Қай түске еніп кетерімді білмедім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі көз, екі дүние өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Екі көз, екі дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі көз, екі дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі көз, екі дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері